Жаңалықтар

ДНС-3 іске қосу

14 желтоқсан 2018
2127

Кез келген бизнестің табысы алдымен ол жерде қандай адамдар жұмыс жасайтынына байланысты болады. Әр кезде басты рольде талантты қызметкерлер, бизнестің барлық процесстерін сауатты басқаратын адамдар болып табылады. Дәл сол таланттылық бизнестің болашағына әсерін тигізеді.

Біз «Бизнес дегеніміз ол адамдар» деген сөзді жиі естиміз, әрі ол дұрыс айтылған сөз. Адамдар кез келген табыстың негізгі факторы болып келіп, компанияда орын алып жатқан барлық құбылысқа әсерін тигізеді, олар: қызметкерлердің өсуі мен кәсіпкерлік тәрбие процессі, олардың басшылықпен орнататын қарым қатынасы және крьерлік табыс. Талантты кадрларды жұмылдыру ол істің тек жартысы болып келеді. Қызметкерлер өз мүмкіндігін барынша қолдану үшін жағдай қамтамасыз ету керек.

Кез келген табысты жобаның артында адамдар тұрады, сондықтан бүгін сіздерге табысты орындалған деп саналатын жоба туралы айтқымыз келеді. Біз Талғат Абибуллаев – «KAZPETROL GROUP (КАЗПЕТРОЛ ГРУП)» ЖШС-нің Техникалық директорымен сұхбаттастық:

«Осы жылдың қараша айында біздің компания «Қайыркелді кен орындар тобын жайластыру бойынша бірінші кезектегі жобасының» соңғы кезеңіне кіріскен болатын. 

Жоба бойынша іске қосу мен жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңінде, 2018 жылдың 14 қарашасынан бері Қайркелді Орталық кен орнында ДНС-2 ні комплексті іске қосу орындалды, оның ішінде пайдалыналмалы ұңғымаларды мұнай және газ алудың жабық жүйесіне ауыстыру, АГЗУ, мультифазалы сорғы станциясын және  D273мм и D219мм мұнай құрбыларын енгізу. Осының арқасында үстіміздегі жылдың қараша айынан бастап Қайыркелді Орталық кен орны бойынша компаниямыздың жарамсыз мұнай тасымалына жұмсалатын қаражат қысқартырылды.

Іске қосу мен жөндеу жұмыстарының екінші кезеңінде, 2018 жылдың 7 желтоқсанынан бері,  Қайркелді солтүстік кен орнында ДНС-3 ті комплексті іске қосу орындалды, оның ішінде пайдалыналмалы ұңғымаларды мұнай және газ алудың жабық жүйесіне ауыстыру, АГЗУ, мультифазалы сорғы станциясын және ПНПТ-1,6 жол жылытқышы енгізілді.

Бірінші кезектегі «Қайыркелді кен орнын іске қосу және жөндеу жұмыстары жобасының» құрылыс-монтаж жұмыстары 2017 жылдың аяғында Қайыркелді Оңтүстіктегі 12 ұңғымаларды эксплуатациялаудан басталып, жыл барысында мұнай және газ жабдықтау құрал саймандарының келуіне сәйкес Қайыркелді кен орны тобындағы басқа құрылыс нысандарында жалғасып отырды.

«KAZPETROL GROUP (КАЗПЕТРОЛ ГРУП)» ЖШС-і үшін бұл жобаны іске қосу өте маңызды болып келеді, себебі ол операциялық қаржы шығымдарын, әсіресе қоршаған айналаға компанияның өндірістік қызметі факторларының зиян әсерін төмендету бағытында маңызы көп. Біз мақтанышпен жоба табысты аяқталды деп айта аламыз, әрі бұл біздің әріптестеріміздің кәсіпкерлігінің және ауыз біршілігінің арқасында мүмкін болды»

Сонымен қатар біз Виктор Ким – Капиталды Құрылыс Бөлімінің басшысы, осы жобамен тікелей айналысқан адаммен сұхбаттастық:

«Осы жобаға қатысы бар барлық құрылымдар мен ұйымдардың жұмысын жөнге салу, жобалау жұмыстарын, логистиканы, жұмыстың басталуы мен аяқтауын, құрал саймандар мен жүйені жалпы баптап мінету, барлық қатысушылардың тәжірибесіне қарамастан, оңай іс болмады. Осы нысан құрылысы үрдісін басқару және ұйымдастыру барысында менің басты мақсатым – жалпы тапсырманы анық түсіну, пікірлері қайшы келетін жақтардың көңілінен шығатын шешім қабылдау, түпкі нәтижеге әр қатысушыдан жауапкершілік талап ету болды.

Біз IPMA жүйесі бойынша басқару методикасын қолдандық. Жобаның ішкі және сыртқы қатысушыларының көбінде бұл тәсілмен жұмыс жасау тәжірибесі болмағандықтан туған қиыншылықтарға қарамастан, жалпы бағдарлама табысты орындалды.

Бұл тапсырманың маған сеніп тапсырылғанын өте мақтан тұтам. Қарапайым қатардағы қызметкерлермен және әр түрлі деңгейдегі басшылармен бірлескен жұмыс үлкен ғанибет, себебі осы тәріздес тапсырманы ойдағыдай орындау жеке адамның қолынан келмейді, ол тек бірлесіп күш салу арқылы ғана мүмкін.

Нысана сәл кешігумен іске қосылды, дегенмен компанияның экономикалық кірісіне жағымсыз әсер ету мерзімінен бұрын болды. Жалпы алғанда, қатысушылардың барлығы білімдері мен күшін барынша салды, дегенмен Абибуллаев Талғат – Техникалық директорды ерекше атап өткім келеді. Кей жеткіліксіздіктерге, суық кезеңнің басталғанына қарамастан, ол жауапкершілікті өз мойнына алып, қиыншаң жағдайда жүйені іске қостық. Менің ойымша, оның белсенділігі мен кәсіпкерлігі осы жобаның табысты аяқталуына негіз болды.

Қайыркелді кен орны тобының 3 құрылымынан мұнай жинау үшін тұйық цикл ұйымдастыру тапсырмасын орындау барысында: 2 сығу сорғы станциясы, 40 км артық шығу желісі, білікті мұнай құбыры, КРУН-6 кВ орнатылған 56 км астам электр желілері және 38 ұңғыма іске қосылып жөнделді. Заманауи және тиімді технологиялық жабдықтау және автоматты бақылау мен басқару жүйесі орнатылды».

Біз әріптестерімізді жобаны табысты іске қосуымен шын жүректен құттықтап, оларға тек жақсылық тілейміз! Сіздердің барлық жобаларыңыз сәтті болсын, әр түрлі осы тәріздес жобаларды іске асыру барысында біздің командалық рухымыз күшейе түссін.

                                           

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай