Жаңалықтар

Жер сағаты

27 наурыз 2024
375

«Жер сағаты» жаһандық экологиялық науқаны дегеніміз, ол Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының қолдауымен өтетін жыл сайынғы халықаралық шара болып табылады. Ол баршаны табиғатты құрметтеуге шақырады. Бұл әртүрлі елдердің миллиондаған адамдары 1 сағатқа жарық пен электр құралдарын өшіретін, әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері жарықтарын өшіретін уақыт.

2024 жылы Қазақстанда «Жер сағаты» еліміздің табиғатын сақтау тақырыбына арналды.

23 наурызда «KAZPETROL GROUP» ЖШС компаниясы бұл акцияны қолдап, Қайыркелді кен орнының ауысым қалашығында, Қызылорда уақыты бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін жұмыс істеуге аса маңызды емес нысандарды электрмен жабдықтауды өшірді. .

******

2024 жылдың 23 наурызында, «Тазалық эстафетасы» республикалық экологиялық акциясы аясында, «KAZPETROL GROUP» ЖШС Қайркелді кен орнының вахталық қалашығында іргелес аумақты тазалау бойынша сенбілік өтті.

«KAZPETROL GROUP» ЖШС жұмысшылары ауқымды жұмыс атқарды: вахталық қалашық объектілері мен оған іргелес аумақ тазартылды, барлық аумақ жапырақтардан, құрғақ шөптен, өскіндерден тазартылды. Олардың жұмысының нәтижесі көзге жағымды болды, әркім бұл мәселеге өздерінің үлестерін қосты. Таза, жақсы өңделген аймақ айналадағылардың барлығын қуантты. Тазалық жұмыстары – бұл әдемі әлемде өмір сүруге деген ұмтылысты көрсетудің тамаша тәсілі, өйткені адамда да, оның айналасында да тазалық болуы керек.


                    

                     


Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай