Біз туралы

«KAZPETROL GROUP» ЖШС тауарлық мұнайды әрі қарай ішкі және сыртқы шикізат нарықтарына өткізумен және мұнай кен орындарын іздестірумен, игерумен, барлаумен және мұнай шығарумен айналысады.

Компания Kusto Group компаниясының халықаралық тобының бөлігі болып табылады.

Kusto Group 90-шы жылдардың соңында тікелей инвестициялау, жобалық және корпоративтік қаржыландыру саласындағы қазақстандық мамандармен құрылған. Компанияның тарихы кен өндіру саласымен басталды және бүгінгі күні ол сондай-ақ келесі жобаларды қамтиды: мұнай өнеркәсібіндегі жобалар, девелоперлік қызмет, құрылыс материалдар өндірісі, энергетика және ауыл шаруашылығы саласындағы жобалар.

Бүгінгі таңда, «Kusto Group» Ресейде, Қазақстанда, Украинада, Вьетнамда, Қытайда, Түркияда және Израильде жобаларын жүзеге асырып келеді.

Компания тарихының негізгі кезеңдері

2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
05

«KAZPETROL GROUP (КАЗПЕТРОЛ ГРУП)» ЖШС-нің құрылуы.

06

Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігімен XXIX-38-C (ішінара), D (ішінара), E (ішінара) блоктары бойынша мұнай мен газды барлау мен өндіру туралы Келісімшартқа қол қойылды.

07

2007 жылы Компанияның Келісімшарттық аумағы жалпы ауданы 254 км2 болатын екі учаскеден тұрды.

2007 жылы «KAZPETROL GROUP» ЖШС және «Азимут Энерджи Сервисез» АҚ компаниялар арасындағы келісімшарт бойынша, келісімшарттық аумақтарда 418,4 қума километр көлемінде 2D сейсмикалық барлау жұмыстары жүргізілді.

Деректерді өңдеу және талдауды «PGD Services» ЖШС жүзеге асырды. Осы жұмыстардың аяқталуынан кейін OГ-IIar, OГ-III, OГ-III′ және PZ бойынша құрылымдық карталар салынып, барлау ұңғымаларын бұрғылау ұсынылды.

Вахталық ауыл салынды.

08

Таур1 ұңғымасын бұрғылау және сынау нәтижесінде (құрылым жақын маңайдағы тригобекет Таурмен аталған) 2008 жылдың маусым айында арысқұм түзілімі М-II-2 өнімді горизонтынан мұнай ағыны алынды.

Таур кен орны ашылды.

09

2009 жылы зерттеу аймағының мұнай-газ әлеуетін анықтау мақсатында «Тат-Арқа» ЖШС сейсмикалық компаниясы Таур кен орны аумағында, жалпы ауданы 173,3 км 2 болатын 90 км2 көлемінде 3D түсіруін өткізді.

3D далалық түсіру деректері «Геостан» АК ӨО-мен өңделді. 3D деректерді интерпретациялауды «Ойл-Геоконсалтинг» ЖШС жүзеге асырды.

10

2010 жылдың наурызында Таур 7 ұңғымасын бұрғылау және сынау нәтижесінде (Солтүстік-Батыс Тауры құрылымы) Ю-I құмкөл түзілімінің өнімді горизонтынан конденсат бар газдың ағуы алынды.

Солтүстік-Батыс Таур кен орны ашылды.

11

2011 жылы қосымша аумақтағы мұнай мен газ әлеуетін нақтылау үшін, «KAZGECO» ЖШС сейсмикалық компаниясы 156,8 км2 көлемінде 3D зерттеу жүргізді (толық еселі түсірім 94 км2).

3D далалық түсіру деректері «VERITAS CASPIAN» ЖШС-мен өңделді.

2011 жылғы 3D деректерін интерпретациялауды және 2009 жылғы 3D-қайта интерпретациясын «RESERVOIR EVALUATION SERVICES» ЖШС жүзеге асырды. Жүргізілген сейсмикалық жұмыстардың қорытындысы бойынша, шағылыстыратын горизонттар бойынша М-I, М-II, J3km және PZ құрылымдық карталары құрылған.

Оы жұмыстардың нәтижелері бойынша Хаиркелді және Оңтүстік Хаиркелді құрылымдары табылған.

Хаиркелді құрылымында іздеу ұңғымасын бұрғылау жұмыстары басталды.

12

2012 жылдың наурыз айында Хайркелді 1 ұңғымасын бұрғылау және сынау нәтижесінде Ю-0-1ақшабұлақ түзілімдерінің өнімді горизонтынан мұнай ағыны алынды.

Хаиркелді кен орны ашылды.

2012 жылдың мамыр айында Оңтүстік Хаиркелді 3 ұңғымасын бұрғылау және сынау нәтижесінде Ю- I құмкөл түзілімдерінің өнімді горизонтынан мұнай ағыны алынды.

Оңтүстік Хаиркелді кен орны ашылды.

13

2012 жылы қайтадан өсімшелген аумақта «Тат-Арка» компаниясымен 428 км2 көлемінде, MOГT-3D (292,8 км2 толық еселі түсірім) далалық сейсмобарлау жұмыстары жүргізілді. 3D 2013 жылдың деректерін интерпретациялауды «RESERVOIR EVALUATION SERVICES» ЖШС жүзеге асырды.

Осы жұмыстардың қорытындысына сәйкес Оңтүстік Хаиркелді, Оңтүстік-Батыс Хаиркелді, Жолтай құрылымдары анықталды, Солтүстік-Батыс Таур кен орнының құрылымы анықталды.

2013 жылдың шілдесінде Солтүстік Хаиркелді 6 ұңғымасын бұрғылау және сынау нәтижесінде, Ю- I құмкөл түзілімдерінің өнімді горизонтынан мұнай ағыны алынды.

Солтүстік Хаиркелді кен орны ашылды.

14

2014 жылдың қыркүйек айында Оңтүстік-Батыста Хаиркельді ұңғымасын бұрғылау және сынау нәтижесінде, Ю-II құмкөл түзілімдерінің өнімді горизонтынан мұнай ағыны алынды.

Оңтүстік-Батыста Хаиркельді кен орны ашылды.

15

2015 жылдың наурызында "МГЖ-ді жинау және Таур кен орнындағы мұнайды алдын-ала даярлау жүйесі" ЖЖ-ге арналған нысандар пайдалануға берілді:

  • Мұнай қуаттылығы 209,1 тонна / тәулігіне (жылына 73,19 мың тонна) болатын МГЖ жинау және алдын-ала дайындау үшін мұнай жинау орны (МЖО).
  • 6 ұңғымадан мұнай жинау жүйесі.

16

2016 жылдың қыркүйек айында «Оңтүстік Хаиркелді кен орнында МГЖ жинау және мұнайды МҚО алдын-ала дайындау жүйесі» ЖЖ-ге арналған нысандар пайдалануға берілді:

  • Мұнай қуаттылығы 542,86 тонна / тәулігіне (жылына 190,0 мың тонна) болатын МГЖ жинау және алдын-ала дайындау үшін мұнай жинау орны (МЖО).
  • 21-ші ұңғымадан мұнай жинау жүйесі.
  • Хаиркелді кен орындары тобын электрмен жабдықтауды және ілеспе мұнай газын кәдеге жаратуды қамтамасыз ету үшін 0,8 МВт ГТЭС.
  • Хаиркелді кен орындары тобын электрмен жабдықтауды және ілеспе мұнай газын кәдеге жаратуды қамтамасыз ету үшін 0,6 МВт ГТЭС.
  • ГТЭС-тің жалпы қуаты 1,4 МВт құрайды.

17

2017 жылдың қаңтарында Жолтай 1 ұңғымасын бұрғылау және сынақтау нәтижесінде арысқұм түзілімдерінің М-II-1 өнімді горизонтынан конденсаты бар газдың ағыны алынды.

Жолтай кен орны ашылды.

2017 жылдың сәуірінде ЗРУ-6кВ ПС 110/6кВ "Аксай" "Қазгермұнай" БК" ЖШС-нен KAZPETROL GROUP (КАЗПЕТРОЛ ГРУП) ЖШС-нің Таур кен орнының қуат бөлімшесіне дейін ВЛ-6кВ іске қосылды. ВЛ-6 кВ ұзындығы 15,34 км құрайды.

Қазіргі уақытта KAZPETROL GROUP (КАЗПЕТРОЛ ГРУП) ЖШС төрт кен орындары Таур, Хаикелді, Оңтүстік Хаиркелді және Солтүстік Хаиркелді бойынша қазба жұмыстарын жүргізеді; Оңтүстік-Батыс Хаиркелді кен орны орны сынақ жұмыстарында болып келеді; Жолтай және Солтүстік-Батыс Таур кен орындары бағалау жұмыстары сатысында тұр.

Біз туралы

Компанияның мақсаты

  • Өндіруді қолдау және қолданыстағы кен орындарының әлеуетін барынша арттыру, тұрақты өндіру бейінін және көмірсутекті шығару коэффиентінің ең көп мәнін алуды қамтамасыз ету үшін жаңа жобаларды ұтымды түрде жүзеге асыру.
  • Заманауи технологияларды қолдану арқылы бәсекеге қабілетті артықшылықтарды дамыту, оңтайлы техникалық шешімдерді іздеу, шығындарды бақылау.
  • Тиімділікті барынша арттыру үшін қолданыстағы активтерге үдерістерді үздіксіз оңтайландыру.
  • Өңірдегі мұнай өнеркәсібі үшін менеджмент, шығындар, еңбекті қауіпсіз ұйымдастыру, қоршаған ортаны қорғау және өндіріс мәдениеті саласында үлгі бола алатын тиімді компания болу.

Құндылықтар

  • Қызметкерлер. «KAZPETROL GROUP (КАЗПЕТРОЛ ГРУП)» ЖШС-нің ең бағалы активі - қызметкерлері.
  • Экология және технологиялар. Аймақтағы ең ірі жер қойнауын пайдаланушылардың бірі болып табылатын «KAZPETROL GROUP» әлемдік экологиялық стандарттарға сай және қоршаған ортаны қорғаудың тиімді жүйесін құруға тырысады.
  • Жауапкершілік. Адамдардың өмірі мен денсаулығына және өңірдегі сеніп тапсырылған табиғи ресурстарға жауапкершілік. 

  • Серіктестік. Қауымдастық пен мүдделі тараптармен өзара әрекеттесудегі ашықтық пен серіктестік.
  • Адамгершілік. KAZPETROL GROUP өзінің қызметін адалдық пен әділдік, өзара сыйластық пен пәрменділік негізінде жүзеге асырады.

Стратегия

  • Жоғары сапалы өнімдерді ұсыну;
  • Барлау, өндіру және ресурстарды басқарудың инновациялық әдістерін енгізе отыра;
  • Барланған мұнай-газ кен орындарын «ресурстардан қорға дейін, қорлардан өндіріске» қағидасы бойынша енгізуді жеделдету;
  • Корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын қолдана отырып;
  • Өндірістік шығындарды төмендету, аймақтағы бәсекелестерге қарағанда барынша жоғары деңгейде болу...

...арқылы Қызылорда облысының мұнай-газ саласында жетекші компания және төмен шығындар бойынша чемпион болу.

Жаңалықтар