Әлеуметтік жауапкершілік

Жер қойнауын пайдалану келісімшартының шарттарына сәйкес компаниямен 10,5 млн. доллар көлемінде жазылым бонусы төлеген. Қызылорда облысы мен Қызылорда қаласының әкімдіктерімен келісілгендей, «KAZPETROL GROUP (КАЗПЕТРОЛ ГРУП)» ЖШС-і халықтың денсаулығын нығайтуға, білім беру, мәдениет пен спортты дамытуға, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысуға және тұрақты және қолдау көрсететін әлеуметтік қоғамды қалыптастыруда сенімді тұтастай алғанда Қазақстан Республикасындағы қолайлы әлеуметтік ортасының серіктесі болып табылады.

Келісімшарттың алғашқы 4 жыл ішінде Компания Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына 1,9 миллион АҚШ долларын инвестициялады. Компания 2011-2017 жылдарға арналған 500 мың АҚШ доллары көлеміндегі ағымдағы міндеттемелерді толық көлемде және өз уақытында орындап, аймақтың жергілікті даму қорларына қаражат жіберді.

Бұдан басқа, 2010 жылы Компания 1,8 миллион АҚШ долларын Астана қалалық даму қорына жіберді.

2012 жылы Компания Қызылордадағы «Қайсар» футбол клубы Қазақстан Республикасының Премьер-Лига клубтары арасындағы Чемпионатта өнер көрсетуі үшін қаржыландырлған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Біріншілігінде балалар мен жасөспірімдер футбол командасының қатысқаны үшін 20 мың АҚШ доллары сомасымен қаржыландырды.

10 жылдағы жалпы инвестиция көлемі 330,0 млн. доллардан асты.

Компания халықты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ететін жобаларға үнемі қатысады, осы жылдар ішінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларына 4,22 миллион АҚШ доллары инвестициялады.

Осы кезеңде Компания қызметкерлері, олардың отбасыларына әлеуметтік қорғау бағдарламалары қайта қарастырылып жатыр және аяқталып жатыр, сондай-ақ бұрын компанияда жұмыс істеген зейнеткерлер мен ардагерлерге көмек көрсетілуде.

Компания өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілерін сақтайды, сондай-ақ осы саладағы әлемдегі үздік стандарттардың деңгейіне қол жеткізуге және адам денсаулығына және қоршаған ортаға теріс әсерін төмендететін жұмыстағы мүмкін болатын апаттардың алдын алуға бағытталған шаралар жүйесін қолданады.

Компания іскери этиканың, еңбек қорғау, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау, бақылау және қаржы, компанияның қызметкерлермен, акционерлермен және үшінші ұйымдармен қарым-қатынастар саласында қызметін реттейтін Іскерлік әдеп кодексіне бағынады.