Жаңалықтар

Т❤үркістадағы команда құру іс-шарасы

1 шілде 2022
442

Пандемияға байланысты үш жылдық үзілістен кейін, 2022 жылдың мамыр және маусым айларында KAZPETROL GROUP компаниясының HR командасы Компанияның барлық қызметкерлері үшін кеңседен тыс корпоративтік іс-шара ұйымдастырды.

Біздің басты мақсатымыз – қызметкерлердің басын біріктіріп, олардың ұйымшылдығы мен ынтасын арттыру, сондай-ақ ұжымда рухани мәдениетті дамыту болды.

Жоғарыда аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін біз Түркістан қаласын таңдадық. Осы бағдарлама аясында біз қазіргі және көне Түркістанның ең танымал сәулет ескерткіштерін аралап, белсенді демалысты мәдени бағдарламамен ұштастырдық.

Біздің бағдарлама мыналарды қамтыды:

  • - сергітетін таңғы жаттығулар мен ашық ауада команда құрудың қызықты ойындары;
  • - «Караван Сарай» қонақ үйінің көркем су арнасымен қайықпен жүзу;

  • - Қожа Ахмет Ясауидің көне кесенесі мен жерасты мешітіне бару;

  • - «Алтын Самұрық» самғау театрына экскурсия – Орталық Азияда теңдесі жоқ Түркістан қаласындағы Қаравансарай кешенінің аумағында орналасқан медиа-кешен.

Күннің соңында Компания қызметкерлері «Караван Сарай» қонақүйінің су арнасында «Қыз-Жібек пен Төлеген» театрландырылған қайық шеруін – би, жарық пен музыканың тамаша шоуын тамашалады.

Келесі қызметкерлер бізбен іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісті:

Әлжанов Ермек Хайыргелдіұлы, Геология және кен орындарын игеру департаментінің директоры:


«Түркістанға сапар жақсы ұйымдастырылды, бағдарлама мазмұнды және қызықты болды. Сапар аясында әрбір қызметкерде тек жағымды эмоциялар мен естеліктер қалды деп ойлаймын, бұл Компаниядағы командалық рухты нығайта түсетіні сөзсіз».

Иманқұлов Арманбек Аманжолұлы, еңбекті қорғау және қауіпсіздік бөлімінің инженері:


«Түркістанға саяхат маған өте ұнады, өйткені, біріншіден, бұл киелі жерге сапар. Екіншіден, біздер әлі де болса жүрегімізде өзімізді бала сезінеміз. Сонықтан осы сапарда мен өзімді «1001 түн» ертегісінде жүргендей сезіндім. Шындыққа келгенде, даланың қақ ортасында өз Венециямыздың бар екенін кө алдыма елестете алмап едім. Көптеген ерекше нәрселер болды, олардан жеке өзім жарқын әсерлер мен қуанышты эмоциялар алдым. Осы сапарға дейін мен мұның бәрін тек фотосуреттерден және осы жерге сапар шеккен таныстарымның әңгімесінен ғана естіген едім, дегенмен, өз көзіңмен көру ол ерекше сезім. Сапарды ұйымдастырған басшылыққа үлкен рахмет!!!”

Мәжитов Асқар, далалық геолог:


«Түркістанға сапардан алған әсерім ең жағымды! Сапарды ұйымдастырушылардың жұмысын атап өткім келеді, бәрі көңілді және ақылмен ойластырылған болды. Уақыт өте тиімді бөлінді, аз уақыт ішінде біз барлық қызықты жерлерді аралап, команда құру ойындарын ойнай алдық. Мен өз басым жақсы уақыт өткіздім!»

Тобжанова Жаннұр Шарбаевна, «Галаз и К» ЖШС бас заңгері:


«Мен көптеген жағымды эмоцияларға ие болдым, күйбең тірліктен үзіліс алдым, сонымен қатар қазақ тарихы туралы көп нәрсе білдім!»

Іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін біздің басшылыққа, сондай-ақ ОМТС бөлімінің қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.

                    

                    

                    

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай