Жаңалықтар

Наурыз мейрамы

7 мамыр 2019
1649

Наурыз мейрамы

Бизнес әлемінде корпоративтік іс-шараларға ерекше мән беріледі, себебі олардың корпоративтік рухты қалыптастыруда пәрменді күші бар деп саналады. Ал дұрыс ұйымдастырылған корпоративтік мереке компания үшін көптеген мәселелерді тиімді түрде шеше алады, мәселен команданы шоғырландырып, жаңа жетістіктерге жетуіне талпындыра түсетіні анық.

Біз кез келген мерекені жақсы көреміз, себебі ол әрдайым мерекеге деген өте жағымды көзқарас қалыптастырады. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей, сол мерекеге ат салысып, дайындалу кезеңі ерекше әсер береді!

ЖШС «KAZPETROL GROUP» копаниясы «Наурыз» мерекесіне орай корпоративтік іс-шара өткізді.

                                   

Қызметкерлеріміздің өз уақытының көп бөлігін жұмыста өткізіп, отбасына көп уақыт жұмсай алмайтындығын ескере отырып, мерекеге компания қызметкерлерін ғана емес, олардың балаларын да, жұбайларын да, және компания серіктестерін де шақырдық. Барлық дерлік адам үшін жанұясы басты өмірлік мақсаттарының бірі екенін түсінеміз. Осылайша, қызметкерлерімізге корпоративтік мерекеге қатысып қана қоймай, сонымен бірге бұл уақытты отбасымен өткізуге мүмкіндік беру арқылы қызметкерлеріміздің жеке құндылықтарының біз үшін маңызды екендігін көрсеттік. Сонымен қатар, біз үшін ең құнды нәрсе – мереке барысында қызметкерлердің отбасы мүшелері өздерінің туыстары жұмыс істейтін компания туралы көбірек білуге ​​мүмкіндік алатындығы.

                      

Биыл бұл іс-шараны өз күшімізбен өткізу туралы шешім қабылданды. Біз өзіміз сценарийді жаздық, ал біздің әріптестеріміз іс-шараны өздері кәсіпкерлерден кем емес етіп өткізді, және біз барлық бөлімдердің қатысуымен конкурстар ұйымдастырдық.

Көктем мейрамы Наурыз өте сәтті өтті: балалар аниматорлар ұйымдастырған ойындар мен жарыстарға белсенді қатысты; қызметкерлер үшін қазақ халқының дәстүрлері бойынша Наурыз мерекесі тақырыбында викторина өткізілді; белгілі дәстүрлер мен салттарды сахналау бойынша жарыстар өткізілді. Викторина мен конкурстың жеңімпаздары құнды сыйлықтарға және кубоктарға ие болды.

                      

Өндірістік база аумағында киіз үй мен алтыбақан орнатылды. Балалар мен ересектер көптеген жағымды эмоцияларға ие болды!

 Дәстүрлі Наурыз көже ұсынылған мерекелік дустархан жайылды.

                     

Іс-шараның ресми бөлігінен кейін: басшыларлдың және серіктестердің құттықтау сөздері мен викториналық ойын және жарыстан соң, арқан тарту, салмақ көтеру тәрізді спорттық жарыстар өтті, әрі біздің бүлдіршіндер бізге керемет «Флэшмоб» сыйлады. Мереке соңында еркін микрофон жарияланып, бірнеше қызметкерлердің балалары би мен ән орындады.

Табиғат та бізге қолдау көрсеткендей көрінді – күн ғажайып, ауа-райы тамаша болды, тіпті, аймағымыздағы әдетке айналған жел де болмады.

Сіздерді Наурыз мейрамымен құттықтаймыз. Отбасыңызда махаббат пен жылулық орнауын, Компаниямызға мұнай өндіруде жетістіктерге жете беруін, бәрімізге өркендеу мен сәттілік тілейміз!

                    

                

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай