Жаңалықтар

Вице-министрдің Қызылордаға сапары

27 маусым 2025
28



2025 жылғы 25 маусымда Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Арымбек Құдайберген Берікұлы жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді. Сапар аясында ол көмірсутек секторының жер қойнауын пайдаланушыларымен жұмыс кездесуін өткізіп, онда кен орындарын барлау мен игерудің өзекті мәселелері талқылады.

Кездесуде басты назар геологиялық барлау жобаларының жай-күйі мен өнеркәсіптік өндіріс сатысындағы келісім-шарттардың ағымдағы орындалуына аударылды. Вице-министр саланың тұрақты дамуы үшін геологиялық барлау жұмыстарының басымдығына тоқталды, сонымен қатар жобалық шешімдер мен экологиялық стандарттарды қатаң сақтау қажеттігін еске салды.

Негізгі тақырыптардың бірі жалпы қоры 22 миллиард текше метрден астам деп бағаланған өңірдің газ әлеуетін дамыту болды. «Kazpetrol Group», «Galaz & Co», «Қазгермұнай» және «Тұзкөлмұнай» компаниялары жер қойнауын пайдаланушы компаниялар арасында алғашқылардың бірі болып, Ақшабұлақ газ өңдеу зауытына (ГӨЗ) газ құбырын тарту туралы меморандумға қол қойды. Бұл бастама ресурстық базаны кеңейтуге және ілеспе мұнай газын (ІМГ) пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған.

Отырыста «Kazpetrol Group» және «Galaz & Co» компанияларының 2025 жылдың 1 тамызында Ақшабұлақ ГӨЗ-на ІМГ жеткізуді бастау ниетін растап, қол қойылған меморандумды жүзеге асыруда тиімді іс-әрекет жасап жатқандығы атап өтілді.

26 маусымда вице-министр «Kazpetrol Group» өндірістік нысандарында болып, ілеспе мұнай газын Ақшабұлақ ГӨЗ-на тасымалдау инфрақұрылымының құрылысының аяқталуын жоғары бағалады.

Сапардың алғашқы нүктесі – кен орнын игеруге атсалысқан мамандар орналасқан Қайыркелді заманауи вахталық қалашығы болды. Вице-министр тұрғын үй модульдерін, асхана, медициналық пункт және басқа да әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын аралады. Тексеру қорытындысы бойынша ол қалашықта жасалған жағдайлардың жайлы және қауіпсіз өмір сүру үшін заманауи талаптарға сай келетінін атап өтті. «Еңбек ұжымдары үшін, әсіресе шалғай аймақтарда лайықты өмір сүру жағдайларын жасау, саланың тұрақты дамуының маңызды элементі болып табылады», - деп атап өтті ол.

Қызылорда облысының газ-ресурстық базасын тарту туралы меморандум ережелерін іске асыру аясында Қазақстан Республикасының Вице-министрі Оңтүстік Қайыркелді кен орнындағы үдеткіш компрессорлық стансаның (ҮКС) нысанында болды. Бұл қондырғы «Галаз и К» ЖШС және «Kazpetrol Group» ЖШС кен орындарынан келетін ілеспе мұнай газын «Қазгермұнай» ЖШС Ақшабұлақ кешенді газ өңдеу қондырғысына (ГӨЗ) айдауға арналған.

«Kazpetrol Group» ЖШС мұнай кен орындарын игеру барысында тиімділікті арттыру мақсатымен ілеспе мұнай газын өңдеу жүйесімен жабдықталған объектілерге газдың артық көлемін тасымалдау арқылы қоршаған ортаға эмиссияларды азайтып, ілеспе мұнай газын пайдаланып, нәтижесінде экологиялық аспектілерді жақсарту мақсатымен «KERUI Petroleum Gas» компаниясынан осы ҮКС қондырғысын сатып алды.

«Kazpetrol Group» ЖШС басшылығы вице-министрге станцияның техникалық дайындығы, қолданылатын инженерлік шешімдер, орнатылған жабдықтың сипаттамалары, сондай-ақ өндірістік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Вице-министр қол жеткізілген дайындық деңгейін жоғары бағалап, энергия тиімділігін арттыру, қоршаған ортаға әсерді азайту және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану үшін мұндай инфрақұрылымдық жобалардың маңыздылығын атап өтті.

Вице-министрдің жұмыс сапары мемлекет пен жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы диалогты нығайтудағы маңызды қадам болды, сондай-ақ өңірдегі мұнай-газ саласын тұрақты дамыту бойынша бірлескен жұмысты жүргізуге ниеттілігін растады.

--------

«KAZPETROL GROUP» ЖШС 2005 жылдың 25 сәуірінде құрылды. Негізгі қызметі мұнай және газ кен орындарын іздеу, барлау, игеру және кейіннен тауарлық мұнайды ішкі және сыртқы шикізат нарықтарында сатумен мұнай өндіру болып табылады. Компания «Kusto Group» халықаралық компаниялар тобына кіреді. Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Қызылорда облысы Сырдария ауданында мұнай мен газды барлауға және өндіруге Келісімшартқа сәйкес жұмыс істейді.

          

          

          

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай