Жаңалықтар
 (3).jpg)
Қызылорда облысы бойынша компаниялар арасындағы мини футбол чемпионаты
11 қыркүйек 2018
1158
Мұнайшылар күніне орайластырылған, Қызылорда аумағы бойынша компаниялар арасында жыл сайын өткізілетін мини футбол чемпионаты бүгінгі таңда салтқа айналды десе болады.
«KAZPETROL GROUP (КАЗПЕТРОЛ ГРУП)» командасы осы әрекетке қатысып жүргеніне бірнеше жыл болды, ал былтыр біздің команда ерекшеленіп, жартылай финалға да шығып, құрметті 4 орынға ие болған еді. Былтырғы чемпионатты ЖШС «ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз» ұйымдастырды және бұл ойын Саламатов Мұрат Ғазизович рухына бағышталған болатын.
Биылғы чемпионат 7-8 қыркүйекте орын алды, ол ЖШС «СП Казгермунай» компаниясының 25-жылдығына бағышталғандықтан, оның ұйымдастырушысы да «СП Казгермунай» болды. Жеребеде 16 команда қатысты. Әділқазы алқасы былтырғы жеңімпаздарды фаворит ретінде төрт топқа бөлуді ұйғарды. Сонымен, Командалар мына жолмен бөлінді:
- Топ А: АҚ «КазТрансГаз», «Қызылорда облысы әкімшілік аппараты», АҚ «КОР», ЖШС «Абай Дәулет».
- Топ В: АҚ «Петро Казахстан Кумколь Ресорсиз», ЖШС «Айдан Мұнай», ЖШС «Қызылқұм» (КазАтомпром).
- Топ С: ЖШС «Торғай Петролеум», ЖШС «Бастау и К» және ЖШС «Байкен-U» (КазАтомпром), ЖШС «KAZPETROL GROUP (КАЗПЕТРОЛ ГРУП)» (Кусто груп мүшесі).
- Топ D: ЖШС «СП Казгермунай», ЖШС «ҚуатАмлонМұнай», ЖШС «КумкольТрансСервис», ЖШС «Абзал и К».
Екінші күні, түйістірме ойынында біздің қарсыласымыз ЖШС «Айдан Мұнай» компаниясы болды, олар өз тобында екінші орын жүлдегері болатын. Біздің команда ойын барысында байсалдылық көрсетіп, ойынды 4:11 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықтық. Жартылай финалда біздің қарсыласымыз ЖШС «Абзал и К» компаниясы болды. Бұл ойын нәтижесі кімнің финалға шығатынын анықтайтын. Бізің қарсыластарымыз айтарлықтай күшті болды, дегенмен біз де беріле қойған жоқпыз. Сонымен, бірінші тайм 2:2 есебімен аяқталды. Екінші таймда, ойын соңында, қарсыластарымыз екпінін арттырды, мүмкін олардың сәттілігі артық болды ма, әйтеуір олар бізді 4:6 есебімен жеңіп шықты. Шындыққа салғанда, ойын удерісі тепе-тең болды, біздің команда капитанының пікірі бойынша айтарлықтай әсерлі және тартымды болды.
Командамыздың соңғы кездесуі – үшінші орынға талас ойыны АҚ «Петро Казахстан Кумколь Ресорсиз» командасымен болды. Бұл команда алдыңғы ойындарда бірнеше рет фаворит атағына ие болған, аумағымыздың бетке ұстар командаларының бірі. Дайындығы керемет әрі тәжірибелі команда болғандықтан, ойын есебі 1:10 болып, олардың жеңісімен аяқталды.
Біздің команда капитаны, инжинер-геолог Асқар Мажитовтан өз пікірімен бөлісуін өтіндік: «Жігіттер өте қатты шаршап қалды, біздің команда түгелімен әуесқой ойыншылардан тұрады, сондықтан бізге тәжірибе мен шеберлілік жетіспейді. Ойын соңында біздің жігіттер әлсіреп, болдырып қалды. Менің ойымша, осындай ойындарға енді қатыса бастаған командамыз үшін, және біздің жас компаниямыз үшін осы тәріздес беделді чемпионатта IV-ші орын алғандығымыздың өзі өте үлкен жетістікке жатады. Капитан және ұйымдастырушы ретінде мен команда мүшелеріне ойын соңына дейін берілмей, қажылықпен күрескендері үшін үлкен алғыс айтқым келеді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, компания басқармасына бізге сенім тартқаны үшін үлкен рахмет айтқым келеді. Ұйымдастыру барысында ат салысып, қолынан келгенінше жәрдем берген қаржы директоры, Тазабеков Ержан Какимовичті ерекше атап кеткім келеді. Соңғы екі жарыста IV-ші орынға ие болғандығымыз арқасында біздің компания басқа компаниялар мен әділқазы алқасы және жанкүйерлер арасында танымал бола бастады. Біздің пікірімізге құлақ сала бастағандығын бақылау жанға жағымды болды. Меніңше, бұл үлкен жетістік. Жеңіс жеңіл келмейтіндігі бәріне анық ақиқат емес пе. Өзіміздің компаниямыз тәрізді, ілгері басқан әр қадам арқылы біз жеңіс пен табысқа жақындай түсіп, жаңа белестерді алуға беттеудеміз».
Ендеше, бізге тек «Жарайсыңдар!» «Алған беттен тайма!» деуден басқа ештеңе қалмайды. Футбол командамызға мың да бір алғысымызды айтамыз. Біз сіздерді мақтан тұтамыз, әрі сіздердің ең басты жеңістеріңіз алда екендігіне күмәніміз жоқ. Жақында команда мүшелеріне Бас директор Бахыт Тоғызбаев қол қойған мақтау қағазы жеткізіледі.