Жаңалықтар

Бас директордың құттықтау сөзі

16 қаңтар 2023
282

Құрметті әріптестер,

міне бәріміз өміріміздің жаңа парағын – 2023 жылды ашып отырмыз. Біздер жаңа жылды жаңа жеңістермен қарсы алып отырмыз. Жетістіктерімізді мақтан тұта аламыз, ол сөзсіз!

Біз 2022 жылға қарқынды кірдік! Мен осы жылға алғысым шексіз – оны біздің бизнес үшін тағы бір табысты жылы деп батыл айтуға болады

Біздің компания өзінің батыл жобаларының арқасында алғаш рет Forbes тізімінің Қазақстанның ең ірі 50 жекеменшік компаниясының қатарына енді! Бұл ауыз толтырып айтуға болатын жетістік! Біз үкіметпен, түрлі ұйымдармен және қауымдастықтармен бірге ең алдымен жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысын жақсарту және оны қолдау бойынша үлкен жұмыс атқардық. Біздің әріптестеріміз үкіметтік деңгейдегі жұмыс топтарында ең белсенді болды. Біз заңнаманы жетілдіру бойынша бір қатар ұсыныстармен шықтық. Бізді басқа мұнайшы серіктестер естіп, қолдады! Біздің шағын компаниямыз үшін бұл маңызды жеңіс!

Сондай-ақ, өткен жылы біздің күрделі сипатты жоспарлы жұмыстарымыз аяқталады, геология және қазу саласында жаңа технология түрлерін іске қосып, сынап көрудеміз.

Біздің құрама команда Кусто Тобының арасында Жітіғарада өткен халықаралық спартакиадада табысты нәтиже көрсеткенін атап өткім келеді, онда біздің жігіттер әртүрлі спорт түрлері бойынша турнирдің ең жақсы ойыншыларының бірі болып танылды.

Құрметті әріптестер, Сіздердің барлықтарыңызға еңбекқорлықтарыңыз, табандылықтарыңыз бен кәсіпқойлықтарыңыз үшін алғыс білдіремін! Команда болғандықтан, біз үшін өте маңызды аспекті – өзара түсіністік болып табылады!

Ал біз табысқа өз жолымызды жалғастырамыз: өз алдымызға жаңа, бұдан да өміршіл мақсаттар қойып, жаңа жеңістерге жетеміз. Ол үшін іргетас қаланған – біздің жігерлі күшіміздің арқасында өте жақсы нәтижелер көрсетуді жалғастырамыз, оған күмән жоқ.


                  

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай