Жаңалықтар

Мейірімділік ол ғажайыптың бір түрі

27 желтоқсан 2019
1967

Қарапайым адамдар үшін баланың бақыты – біздің өміріміздегі ең маңызды нәрсе. Барлық адамдар дерлік өз баласына қажетті нәрсені қамтамасыз етуге тырысады. Бұл лайықты білім, алғашқы қажеттіліктер, үстелдегі тамақ және т.б. Бірақ, өкінішке орай, оны барлығы бірдей игере алмайды, оның есесіне, балалардың бәрінде ата-аналары бола бермейді.

Жаңа жыл қарсаңында көптеген компаниялар мен қарапайым адамдар балаларына ғана емес, сонымен қатар бірқатар себептер бойынша қиын жағдайда қалған балаларға да сыйлықтар жасауға тырысады.

Осы жылы GR & PR қызметі «Аяз Атаға хат» жобасын бастамашылық етті. Қызылорда қаласының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балалары Аяз Атаға хат жазып, сыйлықтар сұрады. Осы 14 хат кеңсенің шыршаларына орналастырылды, ал жобаға қатысқысы келген әріптестер конвертті өздері таңдай алды. Таң қалдырған нәрсе – конверттер бірнеше минут ішінде ғайып болды! Конвертті алуға үлгермеген қызметкерлер ортақ пайдалануға арналған үстел ойындарын алып келді.

Сыйлықтар сұранысы әр түрлі болды: тек киндер-сюрприз сұрағандарда болды, ұялы телефон сұрағандар да болды. Жобаға қатысқандар: Кенжебаева Разия, Жеткербай Анель, Кенбаева Айгерім, Демесінов Эльдар, Қайыпов Ерсейт, Алжанов Ермек, Шин Владимир, Ибраев Әбдуәлі, Нұрзадаева Динара, Солтыбеков Дастан, Оспанов Бақытжан, Дәулет Батыржан Сабырбекұлы, Залихов Дастан, Байназар Дастан, Бастаева Арай, Бекбаев Кісенбай, Васищев Иван, Джуманазарова Гульвира, Жолдасбаев Еркен, Назарова Динара, Нұртасова Жанна, Полатулы Бақдаулет, Сейтбаева Гульмира, Тлеубаев Қанат, Устармагатов Вячеслав, Абибуллаев Талғат, Ким Виктор, Дүйсенбаев Даниель, Ходжашова Мейрамкуль, ОМТС және ОЛИС бөлімдері, және біздің серіктестер ЖШС «Мерген» мен ЖШС «Ордастройсервис».

Конверттердің қысқа мерзімде таратылып кеткендігі – бұл біздің компаниямыздың адамдарының немқұрайлы емес, мейірімді және жомарт екендігінің белгісі. Бұл әрине бізде терең мақтаныш сезімін тудырады.

Жобаны қолдағандықтарыңыз үшін барлықтарыңызға шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздердің көмектеріңізсіз  бұл жоба жүзеге асырылмас еді.

Балалар шексіз бақытқа бөленіп, көздері жанып, өте қатты қуанып қалды, тіпті арасында жылағандар да болды. Мекемедегі ең кішкентай балаға тиген робот ойыншығы балалардың ерекше қалаулысы болды  Қашықтан басқару пульті бар автомобильдер сұраған балалар, тіпті ренжіңкірегендей болды және қобалжумен дауыстап: «Неліктен біз робот туралы ойламадық, ол бізден гөрі кішкентай болса да, бәрімізден ақылды болып шықты» –  десіп жатты 

Мекеме әкімшілігі өз таңданыстарын жасырмады, олар сыйлықтарға қуанып, оны өздері алғандай мәз болып жатты. Бізге көптеген алғыс сөздер айтылды және біздің компанияға мекеме атынан алғыс хат табыс етілді.

Сіздерге балаларға жасаған ғажайыптарыңыз үшін мың да бір алғыс білдіреміз!


    

Осы мүмкіндікті пайдаланып, компания көп балалы отбасыларға материалдық көмек көрсету жөніндегі жобаны аяқтағаны туралы хабарлаймыз. Ағымдағы жылдың қараша айында серіктестік қамқорлығына алынған үш көп балалы отбасынан шыққан 14 балаға қысқы киім сатып алынды. Балалары аяқ киім, қысқы сыртқы киімдерін киіп, аналары қуаныштан жайнап кетті. Олар біздің компанияға алғыстарын айтудан жалықпады, бізге амандық, сәттілік, өркендеу тіледі.

      

Құрметті әріптестер, Жаңа жылдарыңызбен! Жаңа жыл өзіңіз армандағанның бәрін, тіпті одан да көп нәрсені әкелсін. Бар жаманшылық осы ескі жылда қалсын. Жаңа жыл – бұл жаңа бастамалар мен мүмкіндіктер. Армандар нақты және қол жетімді болып, бастамаларымыз табысты түрде орындалсын!



Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай