Жаңалықтар

Мұнайшылар күні

6 қыркүйек 2020
81


Құрметті Kazpterol Group қызметкерлері!

Kusto Group директорлар кеңесінің атынан және өз атымнан сіздерді мұнайшылар күнімен құттықтаймын! Мұнайшы болу оңай емес, бірақ мақтан тұтатын мамандық! Сіздерге кәсіби және жеке басыңызға тек жақсылық тілейміз.

2020 жыл біздің есімізде ұзақ сақталатыны күмәнсәз. Бұны, мүмкін, біздің күш-жігерімізді сынайтын жыл деп айтуға болатын шығар. Сіздер, өз тараптарыңыздан, алдыңызға қойған мақсаттарға жету барысында кез келген қиыншылықтар мен машақаттықты жеңуде шеберлік көрсеттіңіз. 

Сонымен қатар #KustoHelp қайырымдылық іс-шарасына белсенді қолдау көрсетіп, жобаларды жүзеге асыруға өз үлесіңізді қосқаныңыз үшін алғыс білдіргім келеді.

Осы мерекелік күні сіздерге барлық бастамаларыңызға сәттілік, алған нәтижелерден қуаныш тілеймін! Бүгінгі қол жеткен табыстар сізді жаңа жеңістерге жетелесін! Отбастарыңыз берекелі, күндеріңіз бақытқа толы болсын! Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз! 


Құрметті достар,

Мерекелеріңізбен! Бұл біздің ортақ мерекеміз. Мен сіздерді өте мақтаныш тұтамын және бұдан да көп жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспін, себебі қаншалықты табысты болсаң да, оданда жақсара түсуге болады!

Біз өз еңбек жолымызды бастаған кезде біздің табысты компания қатарына қосыла алатындығымызға 100% сенімді емес адамдар болды. Бірақ біздің сеніміміз, табандылығымыз, қыңырлығымыз және кәсібилігіміз өз ісін атқарып, біз, бүгінгі таңда, сенімді, құрметті және табысты компания атанып отырмыз. Міне, осының бәрі сіздердің және сіздердің ерен еңбегіңіздің арқасында! Рахмет сіздерге!

Адал еңбектеріңіз бен қолдан келгенше тырысқандарыңыз үшін рақмет! Сіздің еңбектеріңізді Kazpetrol Group компаниясы және Kusto Group холдингінің басшылығы жоғары бағалайды.

Мен сіздерді шынайы мақтан тұтамын және осы мерекеде сіздерге ең алдымен дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке және бақыт, жетістіктеріңізден қуаныш және барлық істеріңізге сәттілік тілеймін!



Құрметті әріптестер,

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен – мұнайшы күнімен құттықтаймын! Қарапайымдылықты ысырып тастап, біздің команда ең жақсы, әрі үздік команда деп сеніммен айта аламын! Біз тамаша, берік және үйлесімді топ құра алдық. Бұл табысты болудың маңызды факторларының бірі.

Біз екі дағдарысты бастан өткере отырып, мұнай бағасының төмендеуі мен пандемия, қиындықтарға мойын бұрған жоқпыз, керісінше күшейе түстік.

Менің тілейтінім: өз саламызда мықты кәсіпкер болып қалайық. Бізге сәттілік және жаңа жеңістер, жаңа кен орындар мен жаңа мұнай ағындарын тілеймін!

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай