Жаңалықтар

Компания спартакиадасы

2 шілде 2024
340

Біз 2024 жылдың мамыр айында компанияның бесінші мерейтойлық спартакиадасын сәтті өткіздік. Жеңімпаздар анықталып, жүлдегерлер марапатталды!

2019 жылы бірінші Олимпиада кезінде үстел теннисінен турнир GR&PR кеңсесінде өткізілгені, ал қаладағы жалға алынған залдарда волейбол мен футболдан өткені есімізде. Жүлделер тек символдық болды – суға арналған саптыаяқ пен бренд қойылмаған медальдар болған еді.

Бірінші жылы 4 спорт түрінен турнирлер өтіп, кейін жыл сайын басқа да спорт түрлері қосылды. Бүгін бізде спорттың жеті түрінен спартакиада өтіп, негізгі ойындар вахталық қалашықта өтуде.

Бұл шараның басты мақсаты – командалық рухты нығайту, «қоғамдастық сезімін» нығайту және корпоративтік мәдениетті дамыту. Бүгінгі күннің барлық мақсаттарына қол жеткізілді деп сеніммен айта аламыз: жыл сайын біздің қызметкерлер бұл оқиғаны асыға күтеді және шындап дайындалады. Алғашқы жылдары қатысушылар арасында азғантай агрессия байқалса, бүгінде бұл бізге әріптестермен сапалы уақыт өткізуге, көптеген жағымды эмоциялар алуға және бір-бірімізге жақындауға мүмкіндік беретін оқиға.

Бұл спорттық сайыстың тағы бір ерекшелігі, осы шараға Алматыдан әріптестеріміз Әлия Әбіш пен Жанара Нұрғалиева арнайы келіп, марапаттау рәсіміне белсене қатысты.

====

Әріптестердің пікірлері мен әсерлері:

Әйгерім Кенбаева

«Биыл компанияның бесінші мерейтойлық спартакиадасын ұйымдастыруға және дайындауға қатыса алдым. Спартакиада зейінді және қозғалыстың дәлдігін талап ететін бильярдтан басталды. Осыған қарамастан және ойынға деген байсалды көңіл-күйге қарамастан, қатысушылардың көңіл-күйі жақсы өңде болды. Қыздар арасында боулинг ойыны өтті. Ойын жанкүйерлер саны аз болғандығына қарамастан, бәсекелестер бір-бірін жігерлендірді, орын алған «strike»-тарға шын жүректен қуанып, тигізе алмаған жағдайларға жанашырлық танытты.

Ең жарқын және шынайы эмоциялар компанияның келісім-шарттық аумағында орын алды, онда қыздар арасында жеңіл атлетикадан, шахматтан, үстел теннисінен, футболдан және волейболдан турнирлер өткізілді. Жарыстар ерекше қызу және рух берді.

Бұл жарыс түрлері тек дене шынықтырумен айналысу үшін ғана емес, сонымен қатар ұжымның ұйымшылдығы мен түсіністігі үшін де пайдалы екенін атап өткім келеді».

¬====

Руслан Рахманберді

«Корпоративтік спартакиада аясында біздің компания қызметкерлері арасында кезекті спартакиада өтті. Мен шахмат турниріне қатыстым, онда 10-нан астам адам әріптестер арасында үздік шахматшы атағын таластырды. Мен құрметті 3-орынға ие болдым.

Спартакиадаға қатысушылардың барлығы жоғары дайындық пен кәсібилік танытып, барлық турнирлер тартысты әрі қызықты өтті деп есептеймін. Қиян кескі талас пен шоғыл тартыстардан кейін жеңімпаздар анықталды.

Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен спорттық шеберліктері үшін алғыс айтамын!»

======

Дмитрий Попов

«Спартакиада әріптестер арасында жылы атмосферада және бәсекелестіктің серпінді рухында өтті. Қатысушылар бұл шараға ұзақ дайындалды, сондықтан олар өздерінің спорттық әлеуетін іске асыруға жауапкершілікпен қарады. Тыныстарын тоқтатқан жанкүйерлер спорт алаңында қатысушылардың батылдығын, шеберлігін, талай тартысты сәттер мен жеңіске деген табанды ерік-жігерін тамашалады. Жарыс аяқталғаннан кейін де әріптестер бірнеше күн бойы өткен спорттық жарысын өзара талқылап, алған әсерлерімен, есте қалған сәттерімен бөлісті.

Осыған орай, компания басшылығына және спорт мерекесін ұйымдастырушыларға тамаша ұйымдастыру үшін, спортта өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік бергені үшін және, әсіресе, дарынды спорттық эмоциялар үшін алғысымды білдіргім келеді.»

========

Барлық қатысушыларға қарым-қатынас қуанышы, салауатты бәсеке және адал ойын үшін алғысымызды білдіреміз! Біз бәріміз келесі жарысты асыға күтеміз және сіз жыл бойы өз жетістіктеріңізді жақсарту үшін жаттығасыздар деп үміттенеміз. Жасыратыны жоқ, спорт адам өміріне жағымды эмоциялар мен тәртіп әкеледі, денені нығайтады, бұлшық еттердің есте сақтау қабілеті мен координациясын жақсартады.

Сондай-ақ, осындай ауқымды шараны ұйымдастыруға белсене атсалысқандарға: Аслан Ақбаевқа, Қанат Әнуарбекке, Мәди Бекеновке, Бақытжан Болатқа, Дастан Залиховқа, Болат Есмамбетовке, Ербол Төреқожаевқа алғысымызды білдіреміз.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, дәмді ас пен тамаша фуршет үшін Arai Food сервисінің жоғары деңгейін атап өткіміз келеді!

Сіздермен Kazpetrol Group 5-ші мерейтойлық Спартакиада 2024 нәтижелерімен бөлісуге қуаныштымыз.

1. Боулинг

          4 орын: Гүлмира Сейітбаева – медпункт, Kazpetrol Group

          3 орын: Кенбаева Айгерім – GR&PR, Kazpetrol Group

          2 орын: Хожашова Мейрамкүл – GR&PR, Kazpetrol Group

          1 орын: Ахметова Жазира – АУП, Орда Строй Сервис

2. Бильярд

          4 орын: Төлегенов Әнуар – QHSE, Kazpetrol Group

          3 орын: Демесінов Эльдар – Өндірістік бөлім, Kazpetrol Group

          2 орын: Мұратбай Ғани – Галаз және К

          1 орын: Әлжанов Ермек – ДГиР, Kazpetrol Group

3. Жеңіл атлетика

          4 орын: Хожашова Мейрамкүл – GR&PR, Kazpetrol Group

          3 орын: Билалова Ақбота – QHSE, Kazpetrol Group

          2 орын: Айтбай Шахеризада – кеңсе менеджері, Kazpetrol Group

          1 орын: Акишева Асель – ОЮ, Kazpetrol Group

4. Шахмат

          4 орын: Ляшко Эдуард – Орда Строй Сервис

          3 орын: Руслан Рахманберді – Kazpetrol Group

          2 орын: Болат Бақытжан – Kazpetrol Group

          1 орын: Елемесов Жансерік – Kazpetrol Group

5. Үстел теннисі

          4 орын: Хавасов Елер – Kulan Security

          3 орын: Әкімбай Данияр – Kulan Security

          2 орын: Құлбарақов Аңсаған – Орда Строй Сервис

          1 орын: Дмитрий Попов – Kazpetrol Group

6. Волейбол

          4 орын: Kazpetrol Group кеңсе құрама командасы

          3 орын: Kazpetrol Group, ауысым

          2 орын: Орда Строй Сервис құрама командасы

         1 орын: Kulan Security құрама командасы

7. Футбол

         4 орын: Kazpetrol Group кеңсе құрама командасы

         3 орын: Компас құрама командасы

         2 орын: Орда Строй Сервис құрама командасы

         1 орын: Kazpetrol Group ауысымы

          

          

          

     

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай