Жаңалықтар

Аяз Атаға хат

16 қаңтар 2025
19

Жаңа жыл қарсаңында, үлкен-кіші - барлығымыз сиқыр, ғажайып күтеміз. Дегенмен, балалар осы мейрам қарсаңында ерекше көңіл күйде болады - ол хақ.

Қай ата-ана болмасын, өздерінің балаларының жүзінен күлкі көргенді қалайды, балаларының бақытты болуын тілейді, әрі сол үшін бар күш-жігерін салады. Дегенмен, өкінішке орай, кей балалардың ата-аналары жоқ. Олар жетімдер үйінде тәрбиеленеді. Тәрбиешілер мен мұғалімдер қолдарынан келгенін жасағанмен, оларға ата-ана мейірімі жеткіліксіз болатыны ақиқат.

Міне осы оймен, біздің компания жаңа жыл қарсаңында жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан 39 балаға арнап «Аяз атаға хат» жобасын іске асырды. Атамекен оқушылары Аяз атаға өздерінің тілектерін білдіріп, хат жолдады, ол хаттарды біздің қызметкерлер бөліп алып, балалардың сұраған сыйлығын алып берді. Сыйлықтарды Атамекен ұжымы ұйымдастырған Жаңа жылдық мерекеге алып келіп, ұсынды. Бізден басқа да Қызылорда қаласы кәсіпкерлері сыйлықтар алып келген екен.

Балалар қонақтар алдында өз өнерлерін көрсетіп, көңілді мереке сыйлады. Жетім елге аманат, жетім көрсең, жебей жүр деген нақыл сөздер бар емес пе? Міне біздер де сол нақыл сөздерді алға ұстап, балаларға қуаныш және сиқырға сенім сыйладық.


                    


                     

               

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай