Жаңалықтар

Дүниежүзілік Мұнай Кеңесі мәжілісі

21 желтоқсан 2018
2632

Кетіп бара жатқан 2018 жылда, Компаниямыздың имиджін жақсарту бағдарламасы аясында, Халықаралық КUSTO Group Холдингінің амбассадоры ретінде, әрі KAZENERGY бірлесітігінің қауымдастырылған мүшесі ретінде, “KAZPETROL GROUP” Астана қаласында орын алған Дүниежүзілік Мұнай Кеңесінің (ДМК) жыл сайын орын алатын мәжілісіне қатысты. Бұл жолы кездесу тақырыбы «Инвестициялық мүмкіндіктер: тұрақты өсуге кепіл беретін жаңа шешімдер» болды. Батыржан Сабырбекұлы Дәулет біздің компаниямыздыі өкілі ретінде осы шараға қатысты.


Тор Файеран – ДМК президенті, ДМК үш жылда бір рет Дүниежүзілік мұнай конгрессін – мұнай саласындағы ең бетке ұстар әрекет, осы саладағы көшбасшылардың және осы салаға қызығушылық тудыратын адамдардың басын қосатын, жақын болашаққа даму бағытын анықтайтын іс-шара өткізетіні туралы айтып өтті.  «Бұл іс-шараны өткізуден түскен табыс толығымен қабылдаушы елдің мейірімділік жобаларына жұмсалады. Келесі Конгресс «Инновациялық Энергетикалық Шешімдер» тақырыбы бойынша 2020 жылы Хьюстон қаласында  өткізу жоспарланып отыр. Болашақта ДМКнің Дүниежүзілік Өңдеу Конференциясы да жоспарлануда».



Тимур Күлібаев – ДМК қарауындағы Қазақстан Ұлттық Комитетінің төрағасы: ДМКнің жыл сайынғы мәжілісі Қазақстанда екінші рет орын алып отыр, әрі осы ұйымның мүшесі болып келген 10 жыл ішінде шет елдік әріптестермен тығыз байланыс жасау мүмкіндігі күшейе түсті және Қазақстанның халықаралық имиджіне тиімді әсер етіп жатқандығын анық. «Бүгінгі таңда Қазақстан алдында, басқа да елдер қатарлы, мұнай және газ комплексін әрі қарай қалай дамыту керектігі бойынша маңызды тапсырмалар тұр. Біз энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, энерго- және ресурс сақтау арқылы бәсекеге қабылеттілікті арттыру, энерго-тиімділікке және экологияға ерекше назар бөлуіміз тиіс».  


Батыржан Сабырбекұлы Дәулет шараға қатысқанда алған әсерімен бөлісуде:

"Дүниежүзілік Мұнай Кеңесінің мәжілісі өте көлемді болғанмен, басты мәселе ретінде, технологияларға, капиталға, басқару құзыретіне және экспортты нарыққа қол жеткізетін  дереккөз болып келетін Инвестициялар мәселесіне көп көңіл бөлінді.  Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда маусым айында «Кен және кен орындарын қолдану жөнінде Кодекс іске қосылды, ол барлау бұрғылау және әкімгершілік процесстерді оңайлату саласында өте маңызды қадам болып келеді.  

Гендерлік мәселелер және Орталық Азияда жаңғырмалы энергия енгізу мәселелері қарастырылды. Мәжіліс әйел азаматшаладың энергетикалық салада басшылық ету, жұмысқа орналасу және мансабын дамыту мүмкіндіктері мен құқығын кеңейту жөніндегі мәселелерге назар бөлді.

Сонымен қатар, 2019 жылдың 23-28 маусымында Санкт-Петербург қаласында (Ресей) болатын ДМК Жастар Форумына дайындық ретінде мұнай саласындағы жас мамандардың мәселелері де талқыланды, себебі бұл Форум тәжірибе алмасу, жаңа ақпарат алу, мұнай саласындағы озық жетістіктер бойынша маңызды платформа болмақ.

Менің ойымша, біздің компания жастары осы форумға міндетті түрде қатысқаны дұрыс, себебі олар біздің компания болашағы, олар тек қана жиі кездесіп жүрген кризистермен күресуге қабілетті ғана емес, сонымен қатар мұнай индустриясында Құмкөлде пайда болған өздерінің новаторлы идеяларын да іске асыруға қабілетті".

Дүниежүзілік Мұнай Кеңесі (ДМК) 1933 жылы құрылды, бүгінгі таңда оның қатарына 70 ел кіреді. Ол бейкоммерциялық және саяси емес ұйым болып табылады. ДМК Ұлыбританияда қайырымдылық мәртебеге ие, және БҰҰда аккредитивтелген. Бұл ұйымның басты мақсаты «ортақ пайдаға қолдану үшін әлемдік мұнай қорын басқаруға себін тигізу».

                               

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай