Жаңалықтар

Жітіқара спартакиадасы

10 қазан 2023
238

Қостанай облысы, Жітіқара қаласында, «Қостанай минералдары» зауытында 2023 жылдың 11-16 қыркүйек аралығында Ержан Тәтішевті еске алу XVII халықаралық спартакиада өтті, онда 4 команда ең күшті және ең жылдам атағын сарапқа салды: Kusto KZ, Kusto World (KZPG), Қостанай Минералдары, Жітіқара қаласы әкімдігі.


Барлық күндері бірнеше түрден қиын және қызу күрес борын алды, онда біздің KZPG, Galaz және K, OSS және Kulan Security спортшылары барын салды.

          


          

Марапаттау кезінде жеңіс тұғырына бірінші болып Kusto World (KZPG) командасы шақырылып, бильярдтан бірінші орын алғаны үшін сыйлық алды.


Үздік бильярдшы Әлжанов Ермек!


Kusto World (KZPG) командасы:

·         Волейбол және оқ атудан 2 орын;

·         Дартс пен викторинадан 3 орын;

·         Футбол, баскетбол, шахмат, үстел теннисі, веложарыстан 4 орын;

Жалпы командалық есепте Kusto World (KZPG) 4 орынға ие болды, Жітіқара қала әкімшілігі 3 орын, Kusto KZ – 2 орын, және Қостанай Минералдары – 1 орын!

Үздік волейболшы Жансерік!


Біз үшін бұл бірінші дерлік толыққанды Спартакиада болды, мысалы, футболда біз өз құраммен толықтай жарыстық!

Бұл қателіктер мен жеңістердің баға жетпес тәжірибесі, командалық күрес тәжірибесі, оны одан әрі нығайту және дамыту, күштілермен теңестіру керек, өйткені барлық жеңістеріміз әлі алда - тек қана Алға!

Спартакиададағы ең үздік спорттық форма KZPG корпоративтік формасы болғаны сөзсіз!

          

Біздің жанды дауыстағы KZPG музыкалды тобы есте қаларлықтай өнер көрсетті!

Халықаралық Спартакиаданы ұйымдастыруға және дайындауға көмектескен KZPG, Galaz and K, OSS, KBS, Kulan Security әріптестерімізге шын жүректен алғысымызды білдіреміз!




Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай