Жаңалықтар

Tech Garden Awards сыйлығы

9 ақпан 2023
303

Жақында, Forbes бойынша, Қазақстанның ең ірі 50 жеке меншік компаниясының қатарына кірген Kazpetrol Group ЖШС, Tech Garden Awards жүлдесін алды. Команда активтерді басқару және ресурстарды оңтайландыру номинациясында үздік атанды. Мұнай-газ компаниясының ұжымы Digital Smart Oilfield ақпаратты жинау және өңдеу жүйесін енгізумен ерекшеленді.

Компания озық энергетикалық технологияларға инвестиция салуға берілгендігі үшін танылды.

Kazpetrol Group бас директоры Ержан Тазабеков өз әсерімен бөлісті: «Біздің компаниямыздың негізгі мақсаттарының бірі – шығынды төмендету бойынша чемпион атану болғандықтан, біз жұмыс барысындағы бизнес-процестерді оңтайландыру және жақсарту үшін үнемі жаңа шешімдер іздейміз. Және осы бағытта, Кен орнын цифрландыру мүмкіндігі басқару тиімділігін арттырып, кәсіпорынның экономикасын жақсартады».

Премияны, компания атынан, Дастан Солтыбеков – компаниянының Кен орны директоры/жоба менеджері қабылдады. Ол бізге бұл жоба туралы егжей-тегжейлі айтып берді:

Kazpetrol Group қолданатын ақпаратты жинау мен өңдеудің автоматтандырылған жүйесі (АССОI) – бұл нақты уақыт режимінде ұңғымалардан да, технологиялық қондырғылардан да деректерді алуға, проблемаларды дер кезінде анықтауға және жедел шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін жедел басқару жүйесі.

Цифрлық кен орнын енгізудің халықаралық тәжірибесі мұнай өндіру коэффициентінің айтарлықтай артқанын, мұнай өндіру деңгейінің жоғарылағанын, сондай-ақ өндіріс шығындарының төмендеуі мен оңтайландырылғанын көрсетеді.

Заманауи технологияларға сүйене отырып, оларды пайдалана отырып, ұңғыманың жұмыс режимін таңдау арқылы мұнай өндірудегі ысыраптарды азайтуға мүмкіндік алып, сонымен қатар кері бөлудің өлшемдері мен есептеулерінің сапасын жақсарттық.

ASSOI жобасының арқасында біз жүйенің жұмысындағы ауытқуларға жылдам әрекет ете аламыз, ұңғымаларды және есептеу қондырғыларын қашықтан бақылай аламыз, ысыраптар мен тоқтап қалуларды сапалы талдауға, ұңғымаларды салу кезінде уақтылы және сенімді ақпаратты алуға, сонымен қатар онлайн режимінде бұрғылау кезінде бақылауға және талдауға мүмкіндіктер туады.

Жоба 3 кезеңде жүзеге асырылады:

•      Бірінші кезең: бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика үшін технологиялық қондырғыларды қайта жабдықтау;

•      Екінші кезең: I-массаны телеметриялық жүйемен және аналитикалық құралдармен интеграциялау;

•      Үшінші кезең: Өндіріс деңгейін басқарудың интеллектуалды жүйесі және нейрондық желілер мен жасанды интеллект арқылы болжамды талдау.

PDMS жүйесі

Ақпараттық жүйе PDMS CM негізгі құрамдастарының бірі болып табылады.

Ол дерекқорды басқаруды және объектілер бойынша операциялық деректерді жинауға, жіктеуге және ұйымдастыруға арналған қолданбаларды қамтиды.

PDMS жүйесінің функционалдығы мыналарды қамтиды:

•      кіріспе ақпараттың сапасын бақылау;

•      математикалық модельдер көмегімен бастапқы деректерді түзету;

•      жеке сұйықтықтар үшін объектілердің тәуліктік баланстарын есептеу;

•      және ұңғымадағы нақты өндіру қарқынын кері бөлу.

Шешім ретінде Kazpetrol Group қазақстандық BM Assembly компаниясының PDMS Imas технологиясын негізге алды.

Бұл технологияны ресейлік компаниялар 2016 жылдан бастап газ конденсаты кен орындарында қолданып келеді. Қазақстан Республикасындағы мұнай кен орындарына қолданылатын осы технологияның функционалдығын кеңейту үшін Kazpetrol Group автоматтандыруды тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін PDMS Imas цифрлық орталықтың инфрақұрылымымен толық интеграциялануын қамтамасыз ететін инвестициялық жобаны іске қосты. Бұл жоба бойынша,

•      өндірістік бақылау;

•      жинақтау желілері мен құрылыс нысандарын гидродинамикалық модельдеу;

•      сондай-ақ жедел есептерді қалыптастыру және ұсыну бойынша жұмыс жасайтын қолданушыларға есептелген деректерге қолжетімділікті оңтайландырады.

Бұл марапат компания үшін және компанияның табысты болуына үлес қосып жүрген барлық Kazpetrol Group қызметкерлері үшін үлкен маңызға ие. Бұл марапат, сонымен қатар, компания басшылығының көшбасшылығы мен оң көзқарасын дәлелдейді.



                    


                    

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай