Жаңалықтар

Спорттық өмір

14 желтоқсан 2022
283

2022 ж., 11 желтоқсанда компаниямыздың футбол құрама командасы «КОР» компаниясының командасымен жолдастық кездесу өткізді. Ойын эмоционалды жарқын, қызықты және тартысты өтті.

Біздің жігіттер бірінші болып есеп ашты - Әсет Әжетов, туған күн иесі, керемет әдемі гол соқты! Бірінші таймның соңғы минутында Кор айып соққы нәтижесінде гол соқты. Осылайша бірінші тайм 1:1 есебімен аяқталды.

Екінші таймда екінші голды алдымен КОР командасы соқты. Ал екінші таймның аяқталуына шамамен 15 минут қалғанда біздің жігіттер қарымта гол соғып, есепті теңестірді. Бұл жолы табысты соққының авторы Руслан Маханбетжан болды. Екі команда да әбден шаршағанына қарамастан, ойын бізді жарқын сәттерімен қуантты. Арасында, жанкүйерлердің алаңға жүгіргіп шыққысы келген сәттер болды.

  

Осылайша ойын тең аяқталды, есеп 2:2, басқа сөзбен айтқанда: «Достық жеңді»!

Команда мүшелеріне тамаша және лайықты ойын үшін алғыс айтамыз:

1.       Болат Бақытжан;

2.       Маханбетжан Руслан;

3.       Қуаныш Данияр;

4.       Әжетов Әсет;

5.       Тұртаев Болат;

6.       Әжмолдаев Нұрбол;

7.       Ануарбек Қанат;

8.       Бекенов Мәди


Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай