Жаңалықтар

Kazpetrol Group Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жобасы

14 маусым 2022
479
   Kazpetrol Group/Kusto Group компаниясы "Sunrise" атты Bravo мектебінің топтық эстетикалық гимнастика командасына қаржылай көмек көрсетіп, оларды Финляндияның Тампер қаласында орын алған топтық эстетикалық гимнастика бойынша Халықаралық жарысқа және Дүние жүзілік кубокқа қатысуына себепкер болды. 

   Біздің үмітімізді ақтап, бүлдіршіндер Халықаралық жарыста 3 орын алса, Дүние жүзілік кубокта 14 командалар арасында 5 орын алды!
   

    "Sunrise" командасын және оларды дайындап, жаттықтырған "Bravo" мектебін осы жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз!
   Сіздердің алдарыңызда әлі талай чемпионаттар болады! Ең бастысы, сенімдеріңді жоғалтпай, тек алға ұмтыла беріңіздер! Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!

      
   
  Ал Чемпионатқа шығар алдында Қазақстандық жас гимнастшылар командасы KZPG үшін арнайы шығармашылық бейнеролик дайындады!

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай