Жаңалықтар

Үкімет пен мұнай өндіруші ұйымдар арасындағы ашық диалог

9 наурыз 2024
71

2024 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов пен 55 мұнай өндіруші ұйымның (МӨҰ) 72 өкілінің арасында ашық диалог өтті. Шара «Петромайнинг» қауымдастығының алаңында ұйымдастырылды.

Біздің компания осы диалогқа ғана емес, сонымен қатар саланың негізгі мәселелері бойынша өткен талқылауларға да белсенді қатысты. Бұл іс-шараға біздің компанияның өкілі ретінде Қадағалау кеңесінің төрағасы – Қарсыбеков Оразхан Қайыржанұлы, бас директор Тазабеков Ержан Кәкімұлы және GR директор Dr. Дәулет Батыржан Сабырбекұлы қатысты.

Жұмыс кеңесінің күн тәртібінде мұнай және мұнай өнімдері тұрғысынан әділ нарық және оны реттеу мәселелері, атап айтқанда: экспорт мәселелері, «пистолетке» дейінгі тізбектегі пайда мен салықты бөлудегі теңгерімсіздік, өнімділігі төмен мұнай өндірушілер өндіретін мұнайды ішкі нарыққа жеткізу кестелерін бөлу, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, саудадағы ашықтық және саланың басқа да маңызды мәселелері талқыланды.

Бұл сұрақтардың барлығы МӨҰ-мен алдын ала байланыс нәтижесінде тұжырымдалған. Ассоциацияның атқарушы директоры Яромир Рабай баяндамасында негізгі проблемалық мәселелер айтылды: «Ағымдағы жағдай мен мәселелерге сүйене отырып, біз мемлекеттің араласуын азайтуды, саланың ашықтығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алатын бірқатар ұсыныстарды құрастырдық. Олардың ішінде негізгілері мұнай өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда нарығындағы бағаны тікелей мемлекеттік реттеуді жою, сыртқы және ішкі нарық көрсеткіштеріне негізделген теңгерімді баға белгілеуге монополияға қарсы бақылау тетігін енгізу, мұнай өңдеу және тасымалдау қызметтеріне нормативтік талаптарды жасау арқылы тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және осы міндеттемеге жататын субъектілердің санаттарын көрсете отырып, тауар биржалары арқылы міндетті сатылуға жататын мұнай өнімдерінің ең төменгі үлесін айқындау, сондай-ақ үлесті азайту мұнай мен газды барлау, өндіру, өңдеу, тауарлық газбен қамтамасыз ету және авиациялық отынды бөлшек саудада өткізу салаларына мемлекеттің қатысуы туралы», - деді Яромир Рабай.

Шара қорытындысы бойынша вице-министр Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ұстанымын және реформалардың алдағы жоспарларын айтты: «Бүгін мұнай өндіруші ұйымдармен шынайы ашық диалог болды. Сұрақтар көп болды. Мен егжей-тегжейлі түсініктеме бердім. Бірде-бір көтерілген мәселе назардан тыс қалмады. Үкімет экономиканы жан-жақты ырықтандыруға және нарықтық бәсекені дамытуға бет бұрғаны сөзсіз. Алда көп жұмыс бар, бұл жұмыс басталып кетті. Энергетика министрлігі нарықпен ашық диалогын жалғастырады. Барлық тараптардың пікірі ескерілетін болады», - деді Ерлан Ақкенженов.

«Біздің күн тәртібіміз өте күрделі болды: нарыққа деген бізге тиісті министірлігі – Энергетика министірлігінің нақты көзқарасы бар, бірақ, онымен қатар, мемлекеттіктің саясаты да бар. Біз бұл диалогты осыны түсіну, барлық мәселелерді ашық, кәсіби және дипломатиялық тұрғыдан талқылау, ең бастысы, ортақ пікірге келу және құзырлы органның пікірі мен ұстанымын тыңдау үшін ұйымдастырдық. Бүгінгі отырыс Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі ұсынған Үкіметтің ашықтығының жарқын мысалы деп білеміз.», - деп, бірлестік жетекшісі Саят Боранбеков сөзін түйіндеді.

Сондай-ақ Петромайнинг пен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі ұйымдастырған бұл бастама проблемалық мәселелерді ашық әрі сенімді талқылауға және компромисстік шешімдерді іздеуге бағытталған маңызды қадам екенін атап өткен жөн. Бұл нарық үшін оң сигнал екені сөзсіз.

          

          

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай