Жаңалықтар

Карантин кезінде жұмыс барысы

23 шілде 2020
1331

Құрметті әріптестер,

Біз сіздермен карантин кезеңінде ауысымды жұмыс істейтін әріптестеріміздің және офис қызметкерлердің қашықтықтан жұмыс істеу барысында қандай тәжірибе алғаны туралы бөлісуді жөн көрдік. Әріптестермен болған сұхбаттың толық нұсқасын біздің журналдың екінші санынан оқи аласыз. Мұнда біз кен орнындағы әріптестеріміз бен кадрлар бөлімінің қызметкерері пікірлерімен бөлісеміз.

Вахташылар

Қашықтық форматында қалай жұмыс істедіңіз?

Жалпы жұмыс стандартты, штаттық режимде жүрді. Бірнеше міндетті рәсімдерді енгіздік: жұмыскерлердің температурасы мен басқа да симптомдарын күнделікті тексеріп, аумақ бойынша санитайзерлер орнаттық, халықтың жиналуын болдырмау үшін тамақтану ауысымын арттырдық және басқа да қажетті сақтық шараларын қабылдадық.

Қандай қиындықтар болды?

Вахтада болу күн санының артуына байланысты қызметкерлерге психологиялық-эмоционалдық және физикалық жүктеме де артты. Сонымен қатар, елдегі шиеленісті ахуал сияқты басқа да факторлар, белгісіздік, Қазақстан аймақтары бойынша жұқтырғандар санының көбеюі туралы ақпарат – осылардың барлығы, әрине, өз кезегінде, белгілі бір қорқыныш пен үрей тудырды.

Оларды қалай еңсердіңіз?

Мазасыздық пен қорқыныш, әдетте, жаныңызда сіздің рухыңызды көтеріп, қолдайтын адамдар болған кезде жоғалады. Біз дәл осылайша еңсердік: ұжымның бірлескен күш-жігерімен. 

Вахта алмасу процесі қалай өтті? 

Вахта алмасу процесіне біз үлкен жауапкершілікпен қарадық. Батыс кен орындарында жұқтыру жағдайлары туралы естігенбіз, біз барлық тәуекелдерді ескеруге және олардың пайда болу ықтималын алдын алуға тырыстық.  Автобустың бұзылғанын есептемесек, жалпы вахта алмасу ойдағыдай өтті. 

Өзіңізге қандай сабақ алдыңыз?

Компанияда біз дағдарыс пен тәуекелдердің түрлі сценарийлерін пысықтап, бизнес процесін үзбеу үшін тиісті іс-әрекеттерді есептеп, жоспарлауға тырыстық. Біз барлық жағдайларды болжап көрдік, бірақ бұндай болады деп күткен жоқпыз. Бұл осы заманда барлығына дайын болу керектігін дәлелдейді. 

Болашақта неге назар аудару керек?

Басшылықтың тез шешім қабылдауы және оны іске асыру үшін бірлесіп үйлестіру. 

Офис қызметкерлері (HR)

Қашықтық форматында жұмыс қалай жүрді?

Карантиндік тәртіп қызметкерлердің өмір сүру тәртібін өзгертті. Табысты жұмыс істеу үшін барлық функция қызметкерлерінің жаңа форматқа көшуіне тура келді. Әдеттегі өмір салты өзгерді. Кез келген басқа форматтағы сияқты қашықтан жұмыс істеу толық бейімделуді талап етті және заң талаптарына сәйкес келуі тиіс болды. HR бөлімшесі мен Ақпараттық технологиялар бөліміне қызметкерлердің «жаңа» жұмыс ортасына ауыртпалықсыз бейімделуін және одан әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қысқа мерзімде егжей-тегжейлі жұмыс істеу қажет болды. Бірақ, жаңа болмыстарға тап бола отырып, біздің қызметкерлеріміздің табысты және үздіксіз жұмыс істеу үшін бұрынғы байланыс деңгейі мен ырғақты жоғалтпау қолынан келді. Өзара түсіністік пен қолдау әрқайсысынан сезіліп тұрды.

HR бөлімшесі қашықтан жұмыс істеуді ұйымдастыру және «soft skills» жақсарту бойынша бірқатар өзекті тегін вебинарлар ұйымдастырды, сондай-ақ таңдау вебинарлары бар деректер базасы ұсынылды.

Қандай қиындықтар болды?

Коммуникацияны қамтамасыз ететін қанша жаңалық болмаса да, біз жанды қарым-қатынасқа үйреніп қалдық, оған мұқтаж болдық.

Оларды қалай жеңе білдік?

Қызметкерлер арасында үздіксіз байланыс болды. HR бөлімше әр бөліммен, Келісім-шарт аумағының қызметкерлерімен және демалушы вахта қызметкерлерімен апта сайын «HR сәрсенбі» кездесулерін өткізіп, осылайша Компания үшін өзекті мәселелерді шешуде қызметкерлерді тартуды арттырды.

Өзіңізі үшін қандай сабақ алдыңыз?

Пандемия бізге күнделікті ісіміздің құрамдас бөлігі болып табылатын ең қарапайым, күнделікті заттарды да бағалай білу керектігін көрсетті. Тіпті кейбір күндер «өзгеріссіз» сияқты көрінсе де, олар әдемі де әсерлі болды.

Бизнес үшін оң жақтар болды ма?

Коронавирус дағдарысы бізге бизнес саласында әлі де болса дамыту қажет мәселелер бар екеніне нақты түсінік берді. Автоматтандыру және диджилитизация – дамыту мен дағдыландыруды қажет ететін бизнестің ажырамас бөлігі.

Бизнес үшін оң жақтары өте аз болды, бірақ үлкен тәуекел болғанын атап өту керек. Коронавирус салдарынан болған дағдарыс бизнестің барлық түрлері мен салаларына әсер етті. Бірақ, ештеңеге қарамастан, басшылық қызметкерлердің пайдасына қарай шешім қабылдады, жұмыс орындарын қысқартпай, жалақы мөлшерін өзгеріссіз қалдырды. Осы жағдайды пайдалана отырып, барлық қызметкерлер атынан басшылыққа алғыс айтқымыз келеді.

Болашақта неге көңіл адару қажет?

1)     Командалық рухты қолдау,

2)     Қашықтан жұмыс істеу режимі жағдайында жұмыс пен үй арасындағы теңгерімді сақтай білу,

3)     Пандемия жағдайында қашықтан жұмыс істеу режимі кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау.

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай