Жаңалықтар

Индустриалды Road Show

7 тамыз 2023
371

Германия - Индустриалды Road Show (ел іші саяхат)

2023 жылдың 02 мен 09 шілде аралығында Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі (ҚР ЦДИАӨ) министрлігінің қолдауымен Tech Garden компаниясы Strategic Minds компаниясы (Германия) және AQ-i Center (Қазақстан) бірлесіп ұйымдастырған Германияда орын алған индустриялық Road Show өтті.

Қазақстандық делегация Берлин, Дюссельдорф, Дуйсбург, Эссен және Кельн қалаларында орналасқан тау-кен, мұнай-газ, металлургия салаларында, сондай-ақ машина жасау және энергетика салаларында жұмыс істейтін Индустрия 4.0 элементтерін енгізудің озық тәжірибесі бар ірі неміс зауыттары мен кәсіпорындарын аралады.

Сондай-ақ, Road Show бағдарламасы аясында неміс бизнесі мен саясатының жоғары лауазымды өкілдерімен кездестік. Германияның Экономика және климатты сақтау министрлігінің Цифрландыру және Индустрия 4.0 департаментінің директоры – Э. Штёкл-Пукалл мырзамен, Бундестаг депутаты – Т. Хейльманмен, Германия минералдық ресурстар агенттігі (DERA) директорының орынбасары С. Шульц мырзамен, Шағын және орта бизнес федералды одағының президенті – Германия кәсіпкерлері одағының президенті – А. Ян мырзамен кәсіпкерліктің тұрақты дамуы мен экологиялық жауапкершілігінің өзекті мәселелерін, жасыл технологиялар мен инновациялардың перспективаларын талқыладық.

Road Show-ды ұйымдастырушылар делегация құрамындағы әрбір қатысушы үшін озық инновацияларды енгізуде табысты тәжірибесі бар компанияларды мұқият таңдай отырып, бағдарламаның жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге ұмтылды.

Road Show бағдарламасы Индустрия 4.0 саласындағы жетекші неміс компанияларының озық технологиялары мен озық тәжірибелерімен инсайдерлік көзқараспен танысуға, тәжірибелер мен идеялармен алмасуға және цифрлық трансформация мен технологияны кен орнында тиімді қолдануға шабыт пен мотивация табуға бірегей мүмкіндік берді.

Демесінов Э.Н.


              


               

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай