Жаңалықтар

Энергетика саласының үздіктері

13 қазан 2026
27

Энергетика саласының үздіктері марапатталды: Үш әріптесіміз Энергетика министрлігінің төсбелгісіне ие болды

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің шешімімен өз кәсібіне адалдық танытып, елдің отын-энергетика кешенінің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бір топ маман ведомстволық марапаттармен марапатталды. Қуанышты жаңалықтың ішінде біздің де ұжымның белсенді, тәжірибелі үш әріптесіміздің есімдері бар. Олар: Әлия Әбіш – Kazpetrol Group ЖШС-нің Құқықтық мәселелер директоры, Жанара Нұрғалиева – Kazpetrol Group ЖШС-нің HR директоры және Ботагөз Үмбеталиева – Таур Трейдинг ЖШС-ң Экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесші.

Атап айтқанда, ұзақ жылдар бойғы жемісті еңбегі, саланың өркендеуіне қосқан елеулі үлесі мен кәсіби шеберлігі үшін біздің әріптестеріміз ҚР Энергетика министрлігінің «Салаға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

Бұл марапат — кәсібиліктің, жоғары шеберліктің және әрқайсысының саланың дамуына қосқан жеке үлесінің лайықты мойындалуы. Олардың еңбегі, жауапкершілігі мен өз ісіне адалдығы лайықты үлгі болып табылады және таңдалған кәсіби жолдың маңыздылығын растайды.

Ұжым атынан әріптестерімізді бұл мәртебелі марапатпен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбастарына амандық және кәсіби биіктерді бағындыра берулерін тілейміз. Еліміздің энергетика саласының игілігі жолындағы еңбектеріңіз әрқашан абыройлы болсын!

    

   

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай