Жаңалықтар

COMPASS Comfort

19 қаңтар 2021
88

Compass – бірегей форматтағы жанармай бекеттері: Express Market + жанармай бекеті

Алдынғы мақалаларымызда, Кусто компаниялары тобына кіретін, Compass компаниясының қазіргі заманғы форматтағы жанармай құю станцияларын Алматыда және Қызылордада  ашқаны туралы айтқан болатынбыз. Бүгін біз тағы бір жаңалықпен бөліскіміз келеді: 2020 жылдың 25 желтоқсанында Алматы - Талдықорған тас жолының 20-шы шақырымында халықаралық стандарттарға сай келетін COMPASS Comfort жол бойындағы сервисінің Қазақстандағы алғашқы кешенінің ашылуы өтті.

Жанармай құю станциясының ашылу салтанатына қатысқан тұлғалар:

1.      Қарсыбеков Оразхан – «Kazpetrol Group» Бақылау кеңесінің төрағасы;

2.      Қанат Көпбаев – Kusto Group акционері;

3.      Облыстық әкімдік өкілдері.

Бұл форматтың әдеттегі COMPASS кешендерінен айырмашылығы, қонақтардың ұзақ уақыт болуына арналған (40-60 минут) – автокөлікке жанармай құю, дәретхана аймағына бару, жолда қажетті: су, гигиеналық құралдардан бастап, автомобиль майы секілді тауарларды сатып алу, сонымен қатар асханада толық тамақтану.

COMPASS Comfort жол бойындағы қызмет көрсету кешеніне жанармай бекеті, ауыр көліктер мен автобустарға арналған кең паркинг, 80 орындық фуд-корт (асхана), тауарлар мен автомобильдер керек-жарақтарының үлкен таңдауы бар Express Market, кең дәретханалар, душ бөлмелері мен намазхана кіреді.

Қысқасы, Compass – демалыс орны, әрі қызмет көрсету орны!


                   

Форматтың бірегейлігі: жанармай құю станциясы (траффик генераторы ретінде) және дүкен + кафенің толыққанды сауда кеңістігінің үйлесімі – біздің клиенттерімізге бірқатар даусыз жағдайлар мен жеңілдіктер береді, соның ішінде ақша мен уақыт үнемдеу, жоғары сапалы қызмет алу және еуропалық деңгейдегі өнім сатып алу.

COMPASS Comfort жол бойындағы қызмет көрсету кешені

Кешеннің міндеті – ұзақ уақыт дем алу барысында клиентке барынша жайлылықты қамтамасыз ету және барлық қызмет түрлерін ұсыну:

·        Ауыр көліктер мен автобустарға арналған кең тұрақ (40 орыннан астам);

·        Фаст-фуд және үй тағамын ұсынатын 80 орындық фуд-корт;

·        Демалыс орны, намазхана, дәретхана, душ, кір жуу қызметі;

·        Тауарлардың кең ассортименті және авто керек-жарақтар дүкені;

·        Мүмкіндігі шектеулі адамдар талаптары ескрілген.

Алматы-Талдықорған тас жолындағы бұл жанармай құю станциясының сипаттамалары:

·        WiFi-ге қол жетімділік;

·        100 жұмыс орын;

·        Фуд корт және дүкен алаңы: 650 м2;

·        Нысан алаңы: 2 га;

·        40 орыннан тұратын ауыр көліктерге арналған тұрақ;

·        30 орыннан тұратын жеңіл көліктерге арналған тұрақ.

·        Қонақ үй;

·        Душ бөлмелері;

·        Демалыс орталығы;

·        Автокөлік бөлшектерін сататын дүкен.

Басқа инфрақұрылым нысандары:

·        Көлік тұрағы;

·        Сауда орталығы;

·        Сауда залы;

·        Кафе;

·        Шағын маркет;

·        Дәретханалар (20 орын);

·        Ана мен балаға арналған бөлме;

·        Намазхана.


                

Compassтың басты міндеті – сапа мен қызметтердің жоғары стандарттарын сақтаg, автокөлік жүргізушілеріне жайлы демалу, тамақ тұтыну және қажетті құжаттарды тікелей кешенде өңдеу мүмкіндігін ұсынатын қызметтің жаңа бағыттарының дамуын қамтамасыз ету.

Серіктестер арқылы жаңа қызметтерді дамыту жоспарлануда:

·        Капсула қонақ үйі;

·        Автокөлік бөлшектерін сататын дүкен;

·        CarNet TIR;

·        Автокөлік жуу;

·        Дөңгелектерді жамау;

·        Клиенттерге арналған басқа қызметтер.

Сондай-ақ осындай жанармай бекеттерін Қазақстанның халықаралық көлік дәліздері-автомобиль жолдарында салу жоспарда бар.

                  

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай