Жаңалықтар

Компания қызметкерлерінің балаларына арналған шахмат турнирі

27 қараша 2025
160

Kazpetrol Group-та әлем чемпионы Әсел Серікбаймен бір мезгілде шахмат ойыны өтті!

26 қараша күні біздің кеңседе қызметкерлеріміздің балаларына арналған ерекше шахмат турнирі өтті. Құрметті қонағымыз әрі қарсыласымыз – шахматтан үш дүркін әлем чемпионы Әсел Серікбай болды.

5 пен 17 жас аралығындағы 21 бала бұл қызықты шараға қатысты. Турнир басталмас бұрын оларға арнайы экскурсия ұйымдастырылды: балалар кеңсе ішін аралап, әр бөлімнің жұмысы туралы қысқаша мағлұмат алды және ата-аналарымен жұмыс орнында естелікке суретке түсті.

Турнир шамамен бір жарым сағатқа созылды. Балалар ойынды аса жауапкершілікпен қабылдап, үлкен қызығушылықпен ойнады — бұл көпшілігі үшін үлкен тәжірибе болды.

Ойыннан кейін балалар дәмді тәттілермен шай ішіп, әңгімелесуге мүмкіндік алды.

Нәтижесінде ерекше көзге түскен үш қатысушы марапатталды:

·         Несіпәлі Нұрасыл (Бекбаев Ксенбайдың немересі) – Әсел Серікбайды жеңіп, үлкен жетістікке жетті,

·         Нұрлан Қуаныш (Кежебекова Разияның жиені),

·         Марат Арсен (Жұбатқанов Ержанның ұлы).

Сондай-ақ, ең жас қатысушы – 5 жасар Нұрболат Раянаға – Эльдар Демесиновтың қызына арнайы сыйлық табысталды.

Ата-аналар мен балалар бұл іс-шара үшін алғыстарын білдіріп, әлем чемпионымен естелік фотосессияға қатысты. Балалардың жарқын жүздері мен алған жағымды әсерлері біз үшін де үлкен қуаныш болды!


          


               


          

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай