Жаңалықтар

Қайырымдылық "Kustohelp"

16 сәуір 2020
83

Өзіміз кіретін топ – Kusto Group халықаралық компаниясы, Қазақстандағы пандемия кезеңінде жұмыс атқаратын #KustoHelp қайырымдылық көмек жобасына 1 млрд. тенге бөлгендігін мақтанышпен хабарлаймыз.

Акцияның мақсаты – халықтың неғұрлым зардап шеккен және осал топтарына қолдау көрсету. Сонымен қатар, көмек, Kusto Group компаниялар тобы жұмыс істейтін елдерде де көрсетіледі, деп хабарлады біздің әріптестер.

Қазақстанда көмек келесі бағыттар бойынша көрсетіледі:

  1. Ерікті ұйымдармен және Қазақстан Республикасының облыстары мен қалаларының әкімдіктерімен бірлесе отырып, көп балалы отбасыларға, әлеуметтік жағдайы төмен және зардап шеккен топтарға азық-түлік корзиналарын жеткізу және арнайы қаржылық көмек беру арқылы қолдау көрсету.
  2. Инфекциямен күресу және олардың еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін қажетті құралдармен медицина қызметкерлеріне көмек көрсету.
  3. Мұқтаж жандарға көмектесу үшін әртүрлі қайырымдылық қорларымен ынтымақтастық орнату.

Кусто тобының негізін қалаушы Еркін Тәтішев компанияның әлеуметтік желілердегі парақшаларынан вирустың салдарынан туыстары мен достарын жоғалтқандарға көңіл айтты, қазақстандық дәрігерлердің және пандемиямен күресте алдыңғы қатарда тұрған адамдардың барлығының еңбегін ерекше атап өтті.⠀

«Ел басшылығы COVID-19 таралуын болдырмау үшін уақтылы және сауатты шаралар қабылдады, әйтпесе келтірілген залалдың мөлшері бұдан да үлкен болар еді. Сонымен бірге, пандемиямен күресу үшін мәжбүрлі және қажетті шаралар еліміздің халқы мен экономикасына айтарлықтай әсер етуде. Дағдарыс ешкімді аямастан, барлығына әсер етті.

Енді бүкіл қоғамның күш-жігерін біріктіру, мейірімділік пен өзара көмек қажет. Уақытылы қажетті көмек көрсетіп, бір-бірімізді қолдау арқылы ғана біз осы дағдарысты жеңіп, одан да күшті бола аламыз! » - деді Еркін Тәтішев.

#Бiзбiргемiз

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай