Жаңалықтар

Бас директордың жолдауы

20 шілде 2020
1399

Құрметті әріптестер,

Менің ойымша, Қазақстандағы COVID 19 жағдайын сипаттаудың қажеті жоқ. Біз бәріміз жаңалықтарды оқып, тыңдаймыз және барлық оқиғалардан хабардармыз. Әрине, біздің бүгінгі жағдайымыз оңай емес: мысалы, уотсаптағы сұхбатымызды алайық, егер бұрын ол жерде көбінесе туған күн немесе нәресте туылуымен құттықтаулар болса, бұл күндері біз жиірек әріптестерімізге олардың жақындарының қайтыс болуына байланысты көңіл айтудамыз. Бұл, әрине, өте қайғылы және, кейде, тіпті үрей туғызатыны рас.

Біз өзімізді вирустан қалай қорғауға болатынын, жеке гигиена мен жеке қорғаныс құралдарын қалай қолдану керек туралы ақпараттан бастап, тыныс алудың әр түрлі жаттығуларына дейін бәріміз білеміз. Мұның бәрі желілерде қол жетімді және чаттарда жиі жіберіледі. Сондай-ақ, ДДСҰ-ның кеңес беру парағын мына сілтеме арқылы кіріп, оқуларыңызға болады: https://www.who.int/en/emergencies/diseases/novel-coronavirus-2019/advice-for-public.

Вирустың таралуының негізгі себептері – бұл оқшаулану режимінің бұзылуы және адамдардың стресстік жағдайда болуы. Біз дәстүр бойынша мейрамдарды жақсы көретін, өте мейірімді адамдармыз. Сонымен қатар, біз, өз кезегінде, тәуекелдерді белгілі бір дәрежеде жауапсыздықпен қабылдауға дағдыланғанбыз, біз көбіне бұл бізге әсер ете қоймас деп ойлаймыз, немесе көңіл айтып, жаназаға бармасақ, туысқанымызды қуанышымен құттықтамасақ, ыңғайсыз болады деп ойлаймыз. Сондықтан біз оқшаулану режимін жиі бұзамыз, ал бұлар, өз кезегінде, қосымша қауіптер.

Осы үндеумен мен сіздерді әлеуметтік жауапкершілікті сақтап, оқшаулау режимін бұзбауға шақырамын. Отбасылық шараларға қатыспаңыз. Шынында да, осы режимді бұзу арқылы біз өз денсаулығымызды ғана емес, туыстарымыз бен достарымыздың денсаулығын да қатерге тігеміз.

Біздің компания, өз кезегінде, корпоративті-жауапты компания бола отырып, қолынан келетін жағдайларды жасады – біз барлық қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс істеуге жібердік.

Оның үстіне сіздерден позитивті болып, дүрбелең мен күйзеліске берілмеудің өте маңызды екенін естеріңізге салғым келеді. Себебі бұл, сіздің денсаулығыңызды нашарлатады және иммундық жүйені әлсіретеді. Жұқтырған адамдар туралы шексіз қайғылы жаңалықтар мен статистиканы оқып отырып, позитивті болып қалу оңай емес екені түсінікті. Сондықтан мен сізге жақсы жаңалықтарға назар аударып, шындықты жалған жаңалықтардан ажыратып, пайдалы әдебиеттерді оқуға кеңес беремін. Қаншалықты қиын жағдайда болсақ та, оның жағымды жағын ойлаңыз: сіз отбасыңызбен көбірек уақыт өткізесіз, сізде өзін-өзі дамытуға мүмкіндіктер туып тұр.

 Барлығымызға денсаулық тілеймін, және бұл қорқынышты күндер өтіп, әдеттегі алгоритмге оралатынымыз анық. Ауырмаңыздар, өзіңізге және жақын адамдарыңызға қамқоршы болыңыздар. Аман-сау болайық!

                                                                         

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай