Жаңалықтар

«Compass» жаңа жанармай комплексы
2018 жылдың 5 желтоқсанында Алматы қаласында (Шығыс айналмалы жол, Төле би көшесіндегі көлік жол айырығынан төмен) «Compass» жаңа жанармай комплексының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.
Бұл Алматы қаласындағы екінші жаңа форматтағы жанармай комплексы, ал Алматы облысы бойынша үшінші.
«Compass» бренды Қазақстанда дамытылды, ол Kusto Group халықаралық холдингтың тағы бір жемісті дамып келе жатқан бөлімі болып келеді.
«Compass» комплексі – ол еуропалық форматтағы жанармай станциясы, оның ішінде Express Market – жанармай құйып қана қоймай, сыйлықтар, балаларға арналған кітаптар, креативті ашық хаттар, кофе, шәй, тәттілер, Burger King бургерлерін ала отыру мүмкіндігін беретін, Wi-fi қызметі, әрі түрлі отындық толтыратын станция, оның ішінде электрмен, және 50 тұрақ орны бар.
Комплексті құру барысына мына халықаралық компаниялар қатысты: неміс компаниясы WANZL, ол сауда құрал-жабыдқатырын жасап шығарды, белорус компаниясы VDS, ол комплекстің архитектурасын ойлап шығарды, LP-group компаниясы станцияны жаңа Gilbarco жанармай үлестіргіш колонкаларымен жабдықтады. Жанармай станциясы Retalix StorePoint жүйесімен жабдықталған, ол Retalix® Ltd (Израиль) компаниясымен өңделген.
Алғашқы жанармай станциясы 2014 жылы іске қосылды. Бүгінгі таңда Астанада (2), Алматыда (3) және Ақтөбеде (4) жанармай станциялары ойдағыдай қызмет ұсынуда, онда шамамен 400 ден артық қызметкерлер жұмыс жасауда. Болашақта Қазақстан бойынша 50 тәріздес жанармай станциясы қосылмақ.
Ашылу рәсімінде акционерлер атынан Қарсыбеков Оразхан Қаиржанович – “KAZPETROL GROUP” ЖШС-нің Бақылау Кеңесінің Төрағасы құттықтау сөзін берді.
Ашылу рәсіміне, сонымен қатар, Кильдияров Анвар – «Новая АЗС» ЖШС-нің директоры, Белов Алексей – «Новая АЗС» ЖШС-нің директор орынбасары, «Верный Капитал» және «VDS» атты серіктес компаниялар өкілдері қатысты.

