Жаңалықтар

Энергетика вице-министрі A. Хасеновтың «Kazpetrol Group» ЖШС кенішіне сапары

19 тамыз 2022
462

15 тамызда біздің компания Энергетика министрлігінің және облыс әкімшілігінің делегациясын кен орнында қабылдады. Делегацияны Энергетика вице-министрі А.Хасенов басқарды.

Қонақтар бізге кеш бата келгендіктен, олар біздің кен орнындағы ауысым қалашығындағы қонақ үйде түнеді.

Kazpetrol Group ЖШС қызметі туралы презентация барысында біз жер қойнауын пайдаланушылардың бар проблемаларын да атап өттік, бұл мәселелер бойынша вице-министр бізбен келісіп, мүмкіндігінше шешу бағытында көмектесуге уәде берді. Біз шағын және орта мұнай компаниялары қандай проблемаларға тап болып жатқанын мысал ретінде айтып көрсеттік.

Қонақтар біздің ауысым қалашығына және өндіріс орындарын орналастырудағы заманауи тәсілдемелерге тәнті болды. Мұның барлығын қазақстандық мамандар күшімен жасалғандығы және бұл әрекеттердің бәрі мұнай өнеркәсібі үшін қиын-қыстау кезеңде, мұнай бағасы төмен кезеңде жасалғаны ерекше атап өтілді!



Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай