Жаңалықтар

Велоспорт

20 маусым 2023
298

Қызылорда облысында 2023 жылдың 4-8 мамыры аралығында бозбалалар арасында Евгений Тихонович Червоненко мен Раис Салихович Бадретдиновты еске алуға арналған тас жолда өткізілетін Республикалық велоспорт көпкүндік әсерлі іс-шара өтті. Бұл жарысты велоспорт федерациясы ұйымдастырды. Біздің компания Қызылорда қаласының командасына жоғары сапалы велоформа алып беруде демеушілік жасады. Форманы компания Бас директоры Ержан Кәкімұлы балаларға салтанатты түрде табыстады. 

                         

Іс-шараға Червоненко мен Бадретдиновтың жұбайлары құрметті қонақ ретінде қатысты, сонымен қатар бірінші кезең жеңімпаздарын мапарапаттау рәсімі өтті.

 Бірнеше аймақтан жиналған спортшылар арасында Қызылорда командасының формасы ерекше болып көзге түсіп тұрды. Ол тек жарқын түстер қолданылғандықтан емес, материал сапасы әрі үздік дизайнмен де көздің жауын алды.

                          

Аймағымыздың бетке ұстар велоспорт ардагерлері өз лебіздерін  білдіріп, компанияға алғыстарын төкті.



Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай