Жаңалықтар

Tumar Petrol

13 шілде 2023
380

«Тұмар Петрол» ЖШС

Географиялық жағынан Сағыз учаскесі Қазақстан Республикасының Атырау және Ақтөбе облыстарында орналасқан. Бұрын «Сағыз Петролеум» ЖШС иелігінде болған. Жер учаскесі шамамен 5000 шаршы км. құрайды., «Сағыз Петролеум» ЖШС жұмыс істеп тұрған кен орындары мен жер асты суларының кен орындары алынып тасталды.

Құрметті әріптестер, сіздермен керемет жаңалықпен бөлісуге асығамын! Ағымдағы жылдың 8 маусымында №1 Тұмар Шығыс бірінші барлау ұңғымасын бұрғылау басталды, онда ұңғыманың құрылысы аяқталды. 1-объектіні сынау басталды және сынау нәтижелері оң болды! Атқыламайтын мұнай ағыны алынды. Бүгінгі таңда Тұмар Батыс 2-барлау ұңғымасы бұрғылануда.

Сонымен №1 Тұмар Шығыс ұңғымасын сатып алудан бастап бұрғылауды бастауға дейінгі жол қандай болды?

2020 жылы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (ҚР ЭМ) жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу рәсімі электрондық аукциондар арқылы жүзеге асырылатынын хабарлады. Айта кетейін, бұған дейін жер қойнауын пайдаланушылар барлық қажетті құжаттарды қағаз түрінде тапсыруы тиіс болатын. Енді құжаттарды gosreestr.kz сайтына жүктеп салу керек. Алайда, егер сіздің құжаттарыңыз ҚР ЭМ-нің талаптарына сәйкес келмесе, онда сіз мүлдем аукционға қатыса алмайсыз. Сондықтан, біз бұл маңызды процессті байыппен қабылдадық. Нәтижесінде біз аукционға жіберіліп қана қоймай, №164425 хаттамаға сәйкес, Сағыз блогы бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін «TUMAR PETROL» ЖШС Жеңімпаз деп танылды.

2021 жылғы 15 наурызда ҚР МЭ мен «TUMAR PETROL» ЖШС арасында № 4902-УВС-М барлау және өндіруге біріктірілген келісімшартқа қол қойылды.

Барлау жұмыстары жобасы (БЖЖ) әзірленді және бекітілді, оған сәйкес 200 шаршы км. көлемінде сейсмикалық барлау жұмыстары (СБЖ) жүргізілуі тиіс болатын. «Тұмар» және «Байшаған» құрылымдарында, оның нәтижелері бойынша барлау ұңғымаларын бұрғылау жоспарланған болатын.

Біз үшін басты кедергілердің бірі 2021 жылы күшіне енген жаңа экологиялық кодекс болды. Бұл құжатқа сәйкес, қосымша мақұлдау рәсімдері енгізілді және қарау мерзімі ұзартылды, сонымен қатар, кейбір БЖЖ мақұлдау рәсімдері қайталанды: бұл жер қойнауын пайдаланушыға ғана емес, сонымен қатар, келісімшарттық аумақтың бірдей болуына қарамастан, мердігерлерге де қойылатын талап болды. Біз бұл қиын кезеңді сәтті еңсердік.

2022 жылдың 05 сәуірінде біз жергілікті тұрғындармен қоғамдық тыңдауларды табыстыөткіздік. Қоғамдық тыңдау өте тартысты өтті, қызу пікірталас болды. Талқылаудың негізгі тақырыптары: жергілікті халықты жұмыспен қамту, ауданның да, жалпы облыстың да қоғамдық әлеуметтік өміріне қатысу, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау және т.б.

Бұрын қоғамдық тыңдаулар «ресми түрде» өткізілетін: әдетте, жер қойнауын пайдаланушылар келісімді әрқашан алатын. Дегенмен, біздің кездесуімізде тұрғындар тарапынан жоғары белсенділікті байқадық. Бұл 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты болуы мүмкін - адамдар бұл процестерге белсенді түрде араласты. Бір сөзбен айтқанда, оңай болған жоқ, Сағыз ауылының Мәдениет үйінде өткен қоғамдық тыңдаудың атмосферасы өте тартысты өткенімен, бұл сынақтан да сүрінбей өтіп, халықтың қолдауына ие болдық.

2022 жылдың қазан айының соңында біз тікелей Тұмар және Байшаған учаскелерінде СБЖ жұмысын бастадық. 2023 жылдың мамыр айында жоғарыда аталған құрылымдарда СБЖ аяқталды. Сонымен қатар, 3D деректерді өңдеу және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кететін жағдай: учаскені сатып алғаннан бері 2 жылға жуық уақыт «қағаз жұмыстарына» жұмсалды, біздің ойымызша, бұл өте көп, әсіресе барлау үшін. Тек геологиямен ғана емес, бекітілген процедуралармен де байланысты көптеген тәуекелдер бар, мемлекеттік органдар арасында интеграция жоқ – басқаша айтқанда, барлық тәуекелдер тек жер қойнауын пайдаланушыда.

Бұл тәжірибе, әрине, белгілі бір сабақ болды және біз көмірсутегі кен орындарын барлау және игеру саласындағы инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында жер қойнауы кодексіне, жер және экологиялық кодекстерге бірқатар ұсыныстарды қалыптастырдық, олар жоғарыда аталған заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс топтарына ұсынылды.

Біз барлау аймақтарында жаңа мұнай және газ кен орындарының ашылуына үміттенеміз және біздің жағымды жаңалықтарымыз осы жаңалықпен шектелмейді деп ойлаймыз.


                       

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай