Жаңалықтар

О спорт, сен әлемсің!

29 шілде 2019
1866

Құрметті әріптестер!

2019 жылдың 15 шілдесінде Жетіқара қаласында XV мерейтойлық ‘Ержан Тәтішев атындағы Халықаралық спартакиадасы’ басталды, оған ‘Kusto Group’ холдингінің өкілдері, сондай-ақ ‘Kazpetrol Group’ қызметкерлері қатысты.


      


Жарысқа төрт команда қатысты: ‘Kusto Group’, ‘Орынбор минералдары’, Жітіқара ауданының әкімдігі және ‘Қостанай минералдары’.


      

Спартакиаданы ұйымдастырушылар АҚ ‘Қостанай минералдары’ Ресей және басқа елдердің спортшыларын Жітіқара спорт алаңында биік деңгейде қарсы алды. Олимпиада туралы түрлі-түсті репортаж дереу республикалық «Хризотил КМ» газетінде жарияланып отырды:

      

‘Биыл Ержан Тәтішевтің Халықаралық спартакиадасының мерейтойында: 15 жыл бойы, Ержан Нұрелдайемұлының достары, әріптестері, туыстары және менеджерлердің жаңа буыны спорт алаңында жиналып, оны еске алып, кез-келген бизнестің табыс негізі болып еңбекқорлық пен салауатты өмір салты болып табылатынын тағы бір рет дәлелдеді’.

      

Жарыс баскетбол, футбол, волейбол, ату, жүзу, дартс, бильярд, теннис және үстел теннисі, велосипед, шахмат және интеллектуалды ойын сияқты спорт түрлерінде өтті.

      

Төрт күндік жарыс нәтижелері бойынша командалар арасындағы орындар келесідей бөлінді: былтырғы чемпиондар – ‘Орынбор минералдары’ командасы төртінші орынға ие болды, Жітіқара ауданының командасы қола жүлдегері атанды, айта кететін нәрсе, былтыр да күміс жүлдесіне ие болған ‘Kusto Group’ спортшылары биыл да күміс иеленді. Жеңімпаз мәртебесін, биылғы мерейтойлық жылда, Олимпиада қожайындары – АҚ ‘Қостанай минералдары’ жеңіп алды.

      


Әріптестердің, спортшылардың, серіктестердің, достардың кездесуі көзді ашып жұмғанша өте шықты. Ержан Тәтішевті еске алуға арналған, XV Спартакиада мерейтойы жарқын эмоцияларға, толқуларға, ымырасыз күреске толы болып, өзінің спорттық рухымен қатысушылар жадында ұзақ сақталмақ.

Спорт, рух және достық фестивалінің шарықтау шегі жабылу салтанаты мен жеңімпаз командалар мен үздік ойыншыларды марапаттау рәсімімен аяқталды. 13 спорт және 15 үздік ойыншы анықталды.

      

Құттықтаймыз! Халықаралық спорт күнінің барлық қатысушыларын спорт рухының жеңісімен құттықтаймыз!

Спорттық шайқастармен қатар, KZPG қызметкерлері өз жобаларын сәтті түрде қорғап шықты.

      

Kusto Group спорт жаңалықтарымен бөлісе отырып, сіздерге біздің KZPG компаниялық спортакиада 2019 жылдың қыркүйегінен бастап төрт спорт түрінен: ​​футбол, волейбол, үстел теннисі және шахматтан өткізілетіні туралы қуанышпен хабарлаймыз.

Барлықтарыңызға еңбек, шығармашылық және спорттық жеңістер тілейміз!


      


Басылымда KZPG қызметкерлері жасаған және 'Хризотил КМ' редакциясының материалдары мен фотосуреттері қолданды.

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай