Жаңалықтар

Казэнерджи марапаты

15 қаңтар 2019
2078

'KAZPETROL GROUP' ЖШС-і 2016 жылдан бері «KAZENERGY*» – Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы мүшесі болып келеді.

Кәсіпкерлер қауымдастығының мүшелігі біздің құқықтарымыз бен заңды мүдделерімізді мемлекеттік органдарда қорғап, пікірімізді естіртеді, әрі біздің мүдделерімізге қатысы бар заңнама және реттеу мәселелері бойынша талқылауларға қатысу мүмкіндігін ұсынады. Сонымен қатар, бұл мүшелік біздің қызметкерлердің біліктілігін неше түрлі форумдар мен конференцияларға қатысу арқылы арттырып, бизнесімізді әрі дамыту үшін шет елдік байланыстар жасауға мүмкіндік береді.

2018 жылы компания 5 кандидатураны КАЗЭНЕРДЖИ қауымдастығы атынан марапаттауға ұсынды, сөйтіп желтоқсан айында біз мұнай саласын дамыту барысына қосқан үлесіміз үшін бір медаль, екі марапат қағазын, және екі алғыс хатты алдық.

14 қаңтарда 'KAZPETROL GROUP' бас мекемесінде осы жоғары дәрежелі марапаттарды компания Бас директоры Бақыт Тоғызбаев біздің марапатқа ие болған әріптестеріміз: Абибуллаев Т.К., Бекбаев К., Тохметов Е.С., Ахметов Н.С.,Айтмаханов М. мырзаларға салтанатты түрде тапсырды. Біз әріптестеріміз үшін өте қуаныштымыз, әрі оларды мақтан тұтамыз!

Барлықтарыңызды лайықты марапаттарыңызбен құттықтаймыз, әрі осы салмақты еңбектеріңізде тек табыс тілейміз, өркендей беріңіз, сіздерге және компаниямызға тек жаңа жетістіктер тілейміз!

*KAZENERGY қауымдастығы 2005 жылдың 2 қарашасында мұнай саласындағы кәсіпкерлердің дамуын қолдау мақсатымен құрылды. 10-жылдан астам уақытта қауымдастық 80-нен астам мұнай және энергетика саласындағы (оның ішінде барлау, транспорттық, қызметтік және геофизикалық, уран және басқа ұлтаралық компаниялар) ірі қатысушыларының басын қосты. Мемлекеттік органдармен, бизнес өкілдерімен және қоғамдық құрылымдармен тығыз қарым қатынас орнатып, Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетика кешенінің тұрақты дамуына өз үлесін қосуда.

         

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай