Жаңалықтар

Мұнай саласындағы жаңалық
Жер қойнауын пайдаланушылар айыппұл болдырмастан, тиімсіз бұрғылаудан бас тарта алады. Мәжілісте жер қойнауы туралы кодекске тиісті өзгертулер бірінші оқылымда қабылданды. Бұл құжатты депутаттар мұнай саласына инвестиция тарту мақсатында әзірлеген. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы. Қазақстан 2026 жылға дейін кең ауқымды геологиялық зерттеулер жүргізіп, ауданы 2 миллион шаршы метрден асатын кен орындарында пайдалы қазбалардың кен орындарын табуы керек, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасының тілшісі Сабина Балашкина.
Көп уақыт талап ететін әртүрлі мемлекеттік сараптамалар, рәсімдер мен қағазбастылықтағы әкімшілік кедергілер. Мұның барлығы жер қойнауын пайдаланушылардың кен орындарын барлауды мүмкіндігінше ерте бастауына кедергі жасайды. Мамандардың айтуынша, компаниялар мемлекетпен келісім-шарт жасасып, геологиялық зерттеуге бірден кірісе алмайтын жағдайлар бар. Кейбір процедураларды тіпті қайта жасауды талап етуі де мүмкін, сондықтан жобаны бекіту процесі бір жылдан астам уақытты алады.
Дастан Солтыбеков, мұнай өндіруші компанияның өкілі:
- Біз бірінші барлау блогын 2020 жылдың желтоқсан айында алдық. Бірақ физикалық жұмыс 2 жылдан кейін ғана басталды. Неліктен? Уақыттың көп бөлігі қағазбастылыққа жұмсалды сондықтан біз жер қойнауы туралы кодекс бойынша осы мерзімдерді қысқартуға арналған негізгі ұсыныстарымызбен бөлістік. Біздің ойымызша, геологиялық барлау жұмыстары кезінде жер қойнауын пайдаланушыға қосымша қажетсіз келісімдер жүктелуі керек емес, оның барлығын оңайлату керек деп санаймыз. Осылай, жер қойнауын пайдаланушыларға кен орындарымен жұмыс істеу мүмкіндігін оңайлатпақшы. Демек, дайындық кезеңінде бұрғылауға рұқсат алуға болатын болады. Осы ережелерді жер қойнауы туралы кодекске қосуды жоспарлап отыр. Мәжілісмендер бірінші оқылымда бірқатар жаңа ұсыныстарды мақұлдады. Атап айтқанда, мұнай өндіруші компанияларға болашағы жоқ ұңғымаларды бұрғылаудан бас тартуға мүмкіндік беру ұсынылып отыр. Әрі ең маңыздысы: мемлекет бұл үшін сізге айыппұл салмайды. Осымен қатар басқа да мәселелер шешімі қолға алынуда.
Дүйсенбай Тұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Жобаларды әзірлеу кезінде біраз тәртіптер өзгертілуде, мәселен, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру, оның ішінде көмірсутектер саласындағы жобалық құжаттарды мемлекеттік сараптамадан жылдамдатып өткізу, геологиялық барлауға жедел көшу мүмкіндіген беру көзделіп отыр. Депутаттардың айтуынша, ұсыныстағы заң жобасы сараптаманың барлық түріне кететін уақытты 8, тіпті 12 айға қысқартады деп отыр. Сондай-ақ бұл процедураларға жұмсалатын әкімшілік шығындар 2 есе азаяды. Өңдеу уақыты да тездетіледі, бұдан былай жалпы кететін мерзім 50 күннен аспайды.
Асхат Хасенов, ҚР Энергетика вице-министрі:
– Негізінен бұл өзгерістер жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекстің 130-бабында қарастырылған. Яғни, жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт жасалған кезде ішкі нарықты мұнай мен газбен қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Бұл міндеттеме бар, ол жойылмайды және осы кодекс аясында ол қозғалмайды.
Сабина Балашкина, тілші:
- Бүгінде Қазақстанда 80-нен астам мұнай өндіруші ұйым жұмыс істейді. Бірақ соңғы 5 жылда олар шығынға ұшыраудп. Бүгінгі таңда мұнай өндіру 20 пайызға дерлік төмендеді. Бұдан шығатын жол бар дейді мамандар. Шығындардың орнын толтыру үшін ауқымды геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, мүмкіндігінше жаңа кен орындарын барлау қажет.
Авторлары: Сабина Балашкина, Асхат Қарақойшиев.
Дереккөз: https://24.kz/ru/news/social/item/617510-nedropolzovatelej-nadelyat-novymi-pravami
Мұнай-газ саласындағы 30 ең жас үздік басшыларға сертификат тапсыру. PetroCouncil қауымдастығы, 22 қыркүйек, Атырау қаласы
