Жаңалықтар

Айналамыздағы тазалық ішкі дүние тазалығын қамтамасыз етеді!

26 маусым 2019
1402

Құрметті әріптестер,

                                  

26 маусым, сәрсенбі күні Kusto холдингі мен Life Deco компаниясы арасында Экожарыс #ekozharys өткізілді. Бұл шараға біздің KZPG қызметкерлеріміз: Жанар Нұрғалиева – HR директоры, Лаура Жанғырбаева – бизнес-үдерістерін оңтайландыру және KPI бақылау менеджері, Айжан Шалғымбаева – Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі менеджері белсенді қатысты.

Жарыс барысында бәсекелес командалар біздің қаламызды, атап айтқанда, Первомайский тоғандарын, аздап тазартып, қызықты командалық ойындарға қатысып, өздеріне дене және жан тыныштығын сыйлады.

                               

Еңбек эко-команда құру іс-шарасының ұраны «Айналамыздағы тазалық ішкі дүние тазалығын қамтамасыз етеді!» болды.

Алаңды тазалауға арналған KUSTO логотипі бар қажетті құрал-материалдар ыңғайлы киім киіп келген қатысушыларға таратылды.

Әрбір ойыншыға эко-бөтелкеде су берілді, ол жарыста жетістікке жетуге маңызды рөл ойнады десек те болады.

Еңбек эко-команда құру іс-шарасы барысында біздің әріптестер тер төгіп еңбек етті, командалар аттары, олардың ұраны есте қаларлық болды, жалпы команда өте жарқын әзілдермен, өмірге деген құштарлықпен іс шараға үлес қосты!

Екбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер!

Отан KZ оттан да ыстық!

                                   

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай