Жаңалықтар

31 желтоқсан 2018

Kusto Group Халықаралық компаниялар тобының құрамына кіретін болғандықтан, Казпетрол Групп бюджетті және ең басты ірі жобаларды Kusto Group Директорлар кеңесінің алдында қорғайды.

Биылғы Kusto Group Директорлар кеңесінің мәжілісі Грузияның Тбилиси қаласында орын алды. КЗПГ өкілдері: Бахыт Тоғызбаев – бас директор, Талғат Абибулаев – Техникалық директор және Арай Бастаева – Бас есепші 2019 жыл бюджетін Кусто Групп акционерлер және «Мұнай мен Газ» дивизионының Бақылау Кеңесі Төрағасы – Қарсыбеков Оразхан Қаиржанович алдында сәтті қорғады.

Бұл әрекет тек бюджет қарастыруды ғана көздемейді, ол әрқашанда, біз тәрізді, Kusto Group Халықаралық компаниялар тобының құрамына кіретін басқа да компаниялар арасында тәжірибе алмасу платформасы болып келеді.

Kusto Group жөнінде біраз ақпарат: Kusto Group 90-шы жылдардың соңында тікелей инвестициялау, жобалық және корпоративтік қаржыландыру саласындағы қазақстандық мамандармен құрылған. Компанияның тарихы кен өндіру саласымен басталды және бүгінгі күні ол өз қызметін бірнеше бағыт бойынша табысты түрде іске асырып келеді: мұнай өнеркәсібіндегі жобалар (мұнай өндіру және жанармай стансалар желісін дамыту), девелоперлік қызмет, құрылыс материалдар өндірісі, энергетика және ауыл шаруашылығы, білім беру саласындағы жобалар. «Kusto Group» Канадада, Грузияда, Сингапурда, БАЭ, Ресейде, Қазақстанда, Украинада, Вьетнамда, Қытайда, Түркияда және Израильде жобаларын жүзеге асырып келеді. Топқа 30-дан астам компаниялар кіреді, қызметкерлер жалпы саны шамамаен 10 000.

                     
артқа қарай