Жаңалықтар

Көп балалы, жағдайы нашар отбасына үй кілтін табыстау салтанатты рәсімі.

27 қараша 2020
1157

Бүкіл дүниені сілкіндірген 2020 жыл қазіргі күнгі шындықтың көптеген мәселелерінің бетін ашты, бірақ аяусыз пандемия кесірінен туындаған барлық қиындықтарға қарамастан біз #Kustohelp қайырымдылық акциясының тағы бір асыл тапсырмасын орындай алдық, Қызылордада көп балалы, жағдайы төмен отбасына баспана тауып, Қазақстанның 10 жас азаматтары үшін жаңа жылдық арманын орындап, өз үйінің кілтін беріп, оларға ертегі сыйладық!

Ақмаралдың отбасымен біз көктемде #Kustohelp қайырымдылық акциясы аясында, 500 азық-түлік себетін тарату кезінде кездестік. Ақмаралдың қайғылы оқиғасы бізге қатты әсер етті: ол өзі жалғыз басты ана, әрі оның қолында кәмелетке толмаған бес баласы бар. Көктемнің басында әпкесі қайтыс болып, оның бес баласы артында жылап қалады. Ақмарал оларды қанатының астына алуға шешім қабылдады.

    

Өкінішке орай, қиын жағдайға тап болған, көмекке зәру жандар саны өте көп екеніне куә болдық, дегенмен, Ақмаралдың жағдайы айрықша күрделілігімен ерекшеленді.

Сіздерге үй сатып алынды дегенде, Ақмарал мен оның балалары не болып жатқанына сене алмады, тіпті Ақмарал көз жасына ерік берді – бақыт пен қуаныш көз жасы. Үлкен балалар сәл ұстамды болды, бірақ жасы кіші үшеуі өз қуаныштарын жасырмастан, шаттанып, мәз-мейрам болды.

Адамдар үшін қиын кезеңде #Kustohelp қайрымдылық қоры індеттің алғашқы күндерінен бастап дәрігерлерге, мүгедектерге, жетім балаларға, ардагерлерге, елдің әр түрлі аймақтарындағы жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға қажетті көмек көрсетіп келеді.

Біз 15 жылдан бері құнарлы және қонақжай Қызылорда жерінде, тарихи Сырдарияның жағасында жұмыс істеп келе жатқан үлкен және тату KUSTO / KZPG отбасының мүшесі болғанымызды өте мақтан тұтамыз.

      


 

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай