Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы

28 ақпан 2020
1296

25 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Отырыста Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «KEGOG» АҚ, «ҚазАтомПром» ҰАК АҚ және «Қазэнерджи» қауымдастығы 2019 жылда атқарылған жұмыс және 2020 жылға жасалған жоспарлары туралы есеп берді. Қосымша Энергетика министрлігінің жанармай-энергетикалық кешені жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Н.К. Жұмағұлов және Қазақстан Республикасының Премьер-Министр орынбасары Скляр Р.В. баяндама жасады

Мәжілісті Энергетика министрі Нұрлан Ахметұлы Ноғаев және ҚР Премьер-Министр орынбасары Скляр Роман Васильевич жүргізді.

Ноғаев өз баяндамасында қатысушыларды энергетика саласындағы 2019 жылғы жетістіктермен таныстырып, 2020 жыл жоспарларымен бөлісті. Ол ел Президентінің жергілікті азаматтардың компанияларда жоғары лауазымдарға тағайындалуын қамтамасыз ету үшін күш салуы керек деген тапсырмасын еске салды. 2020 жылдың қыркүйегінен бастап жер қойнауын пайдалануға рұқсат электронды түрде берілетін болатындығын атап кетті. Сондай-ақ, министр ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға қатысты міндеттемелерді орындау мәселесіне назар аударды. Оның айтуынша, кейбір жағдайларда компаниялар қаражатты жалған ұйымдары арқылы аударады. Ол цифрландыру мәселесіне ерекше назар аударды. Ол мұнайшылар өз қызметінде ақпараттық технологияларды қолдануға аса құштар емес, сонымен қатар АТ қолдану деңгейі күтілгеннен әлдеқайда төмен екенін атап өтті.

Әр презентациядан кейін жиналысқа қатысушыларға сұрақтар қою мүмкіндігі берілді. Барлық сұрақтарға толық жауап берілді.

Кездесудің бір минутқа кідірмей басталғаны және өте жігерлі болғандығы жағымды таң қалдырды.


                    

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай