Жаңалықтар

Жобалық қаржыландыру сыйлығы 2018

20 маусым 2019
1574

Сүйінші! Бізде сіздер үшін өте жағымды жаңалық бар: «Kusto» тобының мүшесі болып келетін «KAZPETROL GROUP» ЖШС Finance Awards 2018 марапатының «Мұнай және газ үздік транзакциясы» номинациясында жеңімпаз атанды.

EMEA* Қаржы «Project Finance Awards» Орталық және Шығыс Еуропада, Таяу Шығыста және Африкада ең маңызды операциялардың артында тұрған компанияларды құптайды. Бұл марапаттар 11 жыл бойы соңғы күнтізбелік жыл ішінде жасалған ең жақсы мәмілелерге беріледі.

Жобаларды бағалауды әр санаттағы жеңімпаздарды анықтайтын редакциялық комиссия жүзеге асырады. Сондай-ақ, іріктеу процесінде тиісті үшінші тараптан алынған деректер де ескеріледі.

«KAZPETROL GROUP-тің ұлттық чемпион болуға және «өз саласында ең үздік» энергетикалық жабдықтаушы болуға деген ұмтылысы әлбетте іске асыруға болатын мақсат», – деді EMEA Finance баспасының бас атқарушы директоры және баспагер Кристофер Мур. «Пайдалы қазбалар және басқа да табиғи ресурстарды барлау және өндіру барысында үздік технологияларды және инновациялық әдістерді қолдана отырып, компания басшылығы бизнестің дамуын жеделдетудің басты стратегиялық элементі болып табылады».

«Халықаралық капиталға қолжетімділік, сөзсіз, компанияның өркендеп дамуына ықпал етеді», - деді Мор. «ЕҚДБ-нің жоғары дәрежеде кепілденген несиесі ретінде ұсынылған 80 млн. АҚШ доллары сомасындағы қарыздық қаржыландыру – бұл «KAZPETROL GROUP»-тің бизнесте белгілеген көзқарасын қолдау деп санауға болады. Қаражат ілеспе мұнай газын кен өңдеу орынында пайдаға жарату технологиясын қаржыландырады».

Біздің басқарушы команда 12 маусымда Лондонда өткен «Project Finance 2018 Charity Dinner» марапаттау рәсіміне қатысты. Бұл іс-шараға «КАЗПЕТРОЛ ГРУП» тобының өкілі ретінде келесі әріптестеріміз қатысты: бақылау кеңесінің төрағасы Оразхан Қарсыбеков, бас директор Бақыт Тоғызбаев, қаржы директор Ержан Тазабеков, бас директордың кеңесшісі Ботагөз Үмбеталиева. 

«KAZPETROL GROUP» ЖШС-нің байқылау кеңесінің төрағасы Оразхан Қарсыбеков өз әсерлерімен бөлісті: «Мен «КАЗПЕТРОЛ ГРУП» компаниясы жақында «EMEA Finance Awards» марапаты бойынша Қызылорда облысындағы біздің кен орындарымызға таза технологияларды енгізуге арналған жобамыз үшін танылғанына өте қуаныштымын. Мен біздің компания атынан сыйлықты қабылдау үшін Лондонда өткен марапаттау салтанатына үлкен абыроймен қатыстым. Бұл халықаралық құрмет, біздің компаниямыздың 2005 жылы құрылғаннан бері дамуындағы маңызды кезең болып табылады – бұл біздің жеңістеріміздің басы ғана және болашақта да көптеген жетістіктер күтеді деп сенемін».

EMEA Finance журналы туралы ақпарат:

EMEA Finance Орталық және Шығыс Еуропаның, Таяу Шығыс пен Африканың экономикасы мен қаржы нарықтарының терең түсінігін ұсынады. Біз өз оқырмандарымызды: өз бизнесін басқаратын немесе бизнесті қаржыландыратын тұлғаларды осы динамикалық аймақтағы мүмкіндіктер мен қиындықтар туралы біздің журнал бетінен хабардар етіп отыруға тырысамыз.

EMEA Finance журналы өзінің редакциялық тұжырымдамасымен, EMEA аймағындағы қаржы қауымдастығына, клиенттер мен қызмет көрсеушілерге тұтастық және журналистік этиканың ең жоғары деңгейінде ақпарат ұсынатын «тәуелсіз дауыс» болып табылады.

EMEA Finance журналы жоғары деңгейдегі аудиторияға арналған, оған CEO, CFO және инвестициялық директорлар кіреді. Қаржылық және іскерлік мамандар кең ауқымды банктік қызметтерді ұсынатын және қолданатын: капитал нарығы, борыштық капитал нарығы, корпоративтік және инвестициялық, бөлшек және транзакциялық банк қызметтері (ақшаны басқару, валюталық және сауда қызметтері), тек тұрақты журнал мақалаларынан ғана емес, терең талдау мен терең ойлардан да пайда көреді.

EMEA Finance компаниясы EMEA аймағындағы қаржылық индустрия үшін ақпараттың толық көзін ұсынады. Бұл халықаралық қаржы индустриясына қатысты ең соңғы жаңалықтарды, іс-шараларды және мәмілелерді жариялауға арналған біреги мерзімді басылым. Қаржылық әлемдегі оқиғалардың дамуына әсер ететін қаржы саласындағы негізгі тұлғалар журнал бетінен жиі пікір таласып, өз әріптестерін тереңірек түсінуге және салалық жаңалықтардан хабардар болуға мүмкіндік беретін платформа жасайды.


* Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Африка


                                   

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай