Жаңалықтар

Көпбалалы отбасыларға көмек

1 шілде 2019
1455

«Бизнес айналасындағылар қоғамның сәтсіздікке ұшыраған сәтінде табысты бола алмайды».

                                                                                                                                            Жауапты бизнес саммиті, мамыр, 2013, Лондон.

 

2019 жылдың 18-ші наурызында, облыс әкімі Қ.Е. Көшербаевтың төрағалығымен, Қызылорда облысының әкімдігі, облыстың әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларына қайырымдылық көмек көрсету мәселелерін талқылау үшін облыстың бизнес-құрылымдарының өкілдерімен мәжіліс өткізді. Көшербаев мырза Астанадағы әлеуметтік жағдайы нашар отбасында орын алған, бес жас қыздың өмірін алып кеткен қайғылы оқиғаны еске түсірді. Ол мұндай отбасыларды кім де кім қамқорлыққа алған болса, бұндай қайғылы оқиға орын алмас екендігін атап өтті.

Әкім, облыс әкімшілігі көмекке мұқтаж адамдарды анықтау бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көмек көрсету жоспарын әзірлегендігін атап өтті. Ол әкімшілік бұл тапсырманы өз бетінше шеше алмайтынын айтып, кәсіпкерлерді осы бағдарламаға белсене қатысуға шақырды. Көшербаев мырза, сондай-ақ, қазақтардың салты бойынша қиыншылық көріп жатқан адамдарды тастамайтындығын, әрі оларға әрдайым көмек көрсетуге дайын екендігін мысал ретінде келтірді. Мәселен, жесір қалған келіндерін қазақтар еліне жібермей, туысқандар жиналып, оларға және балаларына қолдау көрсекен.

Әкімшілік әрбір компанияға Қызылордадағы 3 әлеуметтік жағдайы нашар отбасына қолдау көрсетуін өтінді.

Мәселені компания басшылығымен талқылап, олардың қолдауын алғаннан кейін, Қызылорда облысының әкімшілігі бізге бөліп берген көпбалалы отбастарымен, олардың қажеттіліктерін анықтау үшін, кездесу өткізілді.

Біздің қамқорлығымызға бөлінген отбасылары:

  1. Болтаева Ботагөз – 6 баланың анасы: 17 жасар қыз бала, 16 жасар ұл бала, 10 жасар ұл бала мен 6, 5 және 2 жасар қыз балалар. Мекен-жайы: Ыдырысов к-сі 86 (жалдамалы жер үй) – үй екі шағын бөлмеден тұрады: кіреберіс, оны ас үй ретінде қолданады және барлық жанұя ұйықтайтын бір шағын бөлме.
  2. Болтаева Меруерт – 4 баланың анасы: 14 жасар қыз бала, ұлдар: 7, 5 және 3 жас. Мекен-жайы: Ге Бон У 36 (жалдамалы жер үй) – 2 бөлмелі үй.
  3. Боранбаева Олеся – 4 баланың анасы: 1 баласы мүгедек, 13 жасар ұл бала және қыздар: 10, 6 және 5 жас. Мекен-жайы: Жібек Жолы көшесі, 2/1, анасынан қалған ескі жер үй. 2 бөлме және кіреберіс.

Кездесу нәтижесінде мынандай көмек бағдарламасы анықталып, компания басшылығымен мақұлданды:

  1. Әрбір отбасы үшін келесі тұрмыстық техниканы сатып алу:

         a. Ботакөз – газ плитасы;

         b. Меруерт – тоңазытқыш;

         c. Олеся - теледидар.

    2. Қыркүйек айы қарсаңында мектеп формасы мен керек-жарақтарын сатып алу;

    3. Тәуелсіздік күні қарсаңында балаларға қысқы сыртқы киім сатып алу;

    4. Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік себетін сатып алу.

27 маусымда тізімде көрсетілген тұрмыстық техника сатып алынып, отбасыларға жеткізілді. Бұл сыйлықтар балаларды ерекше қуантты. Тоңазытқыш әкелген отбасындағы балалар бұл не екенін және не үшін қолданатынын да түсінбеді. Теледидарды алған отбасындағы балалар қуанғаннан көкке секірді. Газ плитасын алған отбасында біздің сыйлық сол күнгі екінші жақсы жаңалық екенін білдік – біздің алдымызда олар әкімшіліктен пәтер берілетін хабарын алған екен!

                

Көмек көрсету бағдарламасының бірінші бөлігін іске асыру үшін біздің компаниямыздан 3 еріктілер: Динара Назарова, бухгалтер, Махамбет Ербол, қара жұмысшы және Мейрамкүл Ходжашова, PR менеджері, сондай-ақ Ордастройсервис серіктес компания жүргізушісі Тимур Шадиев қатысты. Осы тұрмыстық техниканы таңдауға және сатып алуға қол ұшын берген еріктілердің бірі – біздің әріптесіміз Динара Назаровамен сұхбаттастық. Ол өзінің әсерлерімен қуана бөлісті: «Мен үшін, әлеуметтік жауапкершілік ұстанымы мықты компанияда жұмыс жасау үлкен ғанибет. Жолым болып, осындай жобаларға қатысу мүмкіндігіне бірнеше рет ие болдым. Адамдардың бақытты жүздерін көріп, сол бақытқа өзің және компанияңның қатысы бар екендігін ұғыну мен үшін өте мақтанышты әсер. Біздің компаниямыз осындай жағдайларда беймарал қалмай, өз бизнесін жүзеге асырып отырған ортаны жақсарту үшін күш-жігер салатындығын шын жүректен мақтан тұтамын».


                                

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай