Жаңалықтар

Болашаққа хат

4 маусым 2019
1496

2019 жылы 1 маусымда Алматыдағы Көктөбе қала тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 540 оқушыға арналған High Tech Academy инновациялық мектебінің құрылысы басталды. 2020 жылы жаңа мектеп ғимараты пайдалануға тапсырылады деп жоспарланып отыр.

Мерекелік шара болашақ ұрпақ оқушыларына арналған уақыт капсуласын салумен басталды. «Болашаққа хатта» не жазылғанын біз білмейміз, себебі ол құпия хабарлама. High Tech Academy уақыт капсуласын 2044 жылы мектептің болашақ оқушылары ашады.

Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, Қазақстан Республикасындағы Финляндия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Микко Кивикоски, High Tech Academy негізін қалаушы, Кусто групп директорлар кеңесінің төрағасы Еркин Тәтішев, High Tech Academy директоры Татьяна Бассо және мектеп оқушылары қатысты.

Іс-шараға, сонымен қатар, Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова, қоғамдық қайраткер Аружан Саин, альпинист Максут Жумаев қатысты.

«High Tech Academy арқылы біз Қазақстанда жаңа білім кеңістігін құрдық. Мұнда тек нақты ғылымдарды оқып қоймай, әлемді зерттеп, оған өз орнын таба білу оңай және қызықты болады. Біз балаларымыздың армандай білуін, тәжірибе жинап, қателіктерден қорықпауға, оларды түзетуге және алға жылжуға үйренуін қалаймыз», – деп атап өтті мектептің негізін қалаушы Еркін Тәтішев.

Капсуланы салғаннан кейін, салтанатты рәсімге қатысушылар электронды таблода мектеп құрылысының кері санауышын қосты.

High Tech Academy мектебінің негізін 2017 жылы Кусто тобының акционері Еркін Тәтішев қалады. Мектеп 31 жұмыс орнын құрды, оның 21-і мұғалім, соның ішінде 6-ы шетелдік маман. High Tech Academy жыл сайын тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларына арнап 5 грант бөледі. Мектеп құрылғаннан бері инвестиция көлемі 400 млн. теңгеден асты. Жаңа мектептің құрылысына 5 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсау жоспарланып отыр. 2020-2021 оқу жылында High Tech Academy халықаралық мектеп мәртебесін алуға ниеттеніп отыр.

High Tech Academy фин педагогикасы мен жобаға негізделген оқыту әдісін (Project-Based Learning) қолданатын Қазақстандағы тұңғыш мектеп болып келеді. Парвиейнен бюросы архитекторларының идеясы финдік оқыту идеологиясына негізделген, ол оқу үрдісінде физикалық белсенділікті үнемі енгізумен және әрекетсіздікті төмендету әдіснамасына көшуді көздейді. Сондықтан жоба жеткілікті бос орын, академиялық теорияны физикалық белсенділікпен жұптастырып отырып зерттеу жүргізу, оқу кеңістігінде студенттердің кедергісіз қозғалу мүмкіндіктерін, әрі белсенді қызмет атқару аймақтары мен демалыс аймақтарын қамтамасыз етеді.


                              

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай