Жаңалықтар

Жаңа жылдық корпоратив

29 желтоқсан 2018
1701

Корпоративтік әрекет, өзінің жаңа мағынасында, алыс 90-шы жылдары тренд ала бастады. Біз көптеген корпоративтік әрекеттер түрін білеміз, әрі «тимбилдинг» термині біз үшін мүлдем жаңалық емес.

Биыл, Жаңа жылдық корпоративтік әрекет ұйымдастырушылары – қызметкерлермен жұмыс жасау бөлімі, ерекшеленуді көздеп, бізге мейрамды бұрын соңды болмаған форматта өткізуді ұйғарды – мастер класс форматында. Бұл форматты таңдау мақсаты: қызметкерлердің шығармашылық потенциалын ашу болды, себебі біздің компания корпоративтік мәдениетте «Шығармашылық» сатысына жетуді көздеп отыр.

Тренинг «Корпоративтік мәдениеттегі «Шығармашылық сатысы» атты болып, бірнеше арт-терапияны өзіне біріктірді.   Арт-терапия дегеніміз көркем сурет шығармашылығы арқылы қызметкерлерді оқытып, дамытуды білдіреді. Арт-терапевтік методтардың танымалдылығы алдымен оның жұмсақтығына, әрі жоғары дәрежедегі тиімділігіне, қолданылу кеңдігі мен жылдам әсер беруіне байланысты.

Арт-терапия кез келген адамға өзінің ішкі дүниесін шығармашылық арқылы білдіру мүмкіндігін ұсынады, ол өз өмірінен ерекше нәтиже күткен адамдардың жеке дарасының дамуына және өзін-өзі кемелдендіруге бағытталған.

Тағы бір айта кететін жағадай, биылғы тойлауға біздің кен орнындағы әріптестеріміз де қосылды. Қызметкерлер екі топқа бөлінді – бірінші топ жаңа жылды 11 желтоқсанда, ал екінші топ 27 желтоқсанда атап өтті. Мастер класстар 4 бағытта ұсынылды: кенепте және ағашта сурет салу, вокал және драма.

Оқыту күні бір сәттей өтті десе де болады, себебі барлық қызметкерлер өздерінің арт-жобаларына белсенді түрде қатысып, қолдарынан келгенін аямастан өз үлестерін барынша қосты, сондықтан болар, нәтижесі бәрінің көңілінен шықты десе болады. Күлкі мен көңілді күй көп болды, тіпті ойламаған құпиялы таланттарды да аштық!  

Бағалы жүлделердің ұтыс ойны, шампан және жаңа жылдың торт та болды!

11 желтоқсанда кездескен бірінші топта жүлделер сиқырлы түрде кеңсе және кен орны қызметкерлері арасында тепе тең болып бөлінді, ал екінші топта екі бөлім директорлары – Жанар Нұрғалиева мен Талғат Абибуллаев ұтыс ойын жүлдегерлері болды. Дегенмен, олар өз жүлделерін қайта ұтысқа салуды ұйғарды, нәтижесінде  – екі кен орны қызметкерлердің сәті түсіп, қызығарлық жүлдеге ие болды.

Әріптестердің жарқын келбеттерін, олардың өз жобаларына беріліп қатысып жатқандығын, бір бірімен көтеріңкі көңіл күймен бөліскендерін бақылау үлкен ғанибет.

Қызметкерлермен жұмыс жасау бөліміне келе жатқан жаңа жылды осыншалық ерекше жолмен қарсы алуға жағдай жасағанына алғысымызды білдіреміз.

Барлықтарыңызды жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз! Осы жаңа жыл сіздер үшін сиқырлы саяхаттай болсын, сапар жолында тек игілі адамдар кездесіп, қызықты оқиғалар орын алып, өте жағымды әсер қалдырсын! Аңсаған армандарыңыз іске асып, сәттілік серігіңіз болсын, от басыңызға зор денсаулық пен табыс тілейміз! Теңіздей бақыт, көлдей махаббат тілейміз, табыстарыңыз өзендей  болсын! Бәрімізге жұмыста жетістік тілейміз, компаниямыз өркендей берсін! 

     

Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай