Жаңалықтар

Ғылым мен шығармашылықтың генезисі

28 тамыз 2019
1708

Отырар қаласынан шыққан көрнекті философ, ғалым және музыка теоретигі – Әбу Насыр Әл-Фараби «Кітап аль-мусика әл-кабир» трактатында (Музыка кітабы) музыканың терең философиялық және математикалық түсінігін берді, және біздің заманымыздың теориялық физигі ғалым, қара тесікті булау туралы теорияның авторы Стивен Хокинг ғылым музыка сияқты танымал болуы тиіс деп санады.

Сондықтан, құрметті оқырмандар, біз сіздермен соңғы онжылдықтағы ғылыми, білім беру және танымал ғылым саласындағы жаңалықтарымызбен бөліскіміз келеді.

КUSTO/KAZPETROLGROUP (KZPG) командасы 11 жыл бойы Қазақстанның жер қойнауының геологиялық құрылысын зерттеп, Құмкөл мұнайының 1 миллион тоннасын өндіріп қана қоймай, сонымен қатар экономика ғылымдарының кандидаты Батыржан Сабырбекұлы Дәулеттің басшылығымен адамның ДНҚ-сын ғылыми зерттеумен айналысады, осылайша Қазақстанның (KZ) және әлемнің популяциялық генетикасына өзінің қолдан келерлік үлесін қосты, бұл үшін ең ескі жалпығылыми ағылшын журналының бірі – Nature (ағылш. табиғат), ‘137 ancient human genomes from across the Eurasian steppes’ мақаласында (Еуразиялық даладағы ежелгі 137 адамның геномдары), 2018 ж. 17 мамыр және беделді ғылыми америкалық журналдың бірі Science (ағылш. ғылым), ‘The First Horse Herders and the Impact of Early Bronze Age Steppe Expansions into Asia’ (Алғашқы жылқы өсіруші және ерте қола ғасырдың Азиядағы дала экспансиясына әсері), 2018ж. 20 маусым, алғыс алды. 

       

Аталған кезең ішінде еліміздің ынтагерлері KZ DNA-project қазақстандық генетикалық жобасында ДНҚ-ның 822 үлгісін жинады.

Осының арасында тікелей КUSTO/KZPG зерттеушілерінің командасы Family Tree DNA америкалық зертханасында 20 ғасырдың белгілі қазақ жазушылары, еңбектерін Конгресс кітапханасында (Вашингтон), Австралия Ұлттық кітапханасында (Канберра) табуға болатын, Жетісу өңірінен шыққан Ілияс Жансүгіровтің, Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданынан шыққан Сабит Мұқановтың ДНҚ-ларын, Қызылордадан шыққан атақты әнші Роза Бағланованың, Қызылордадан шыққан ерлікпен қаза тапқан Ауғанстан жауынгері Батыржан Шалғымбаевтың ДНҚ-ларын,

      

Бурабайдан шыққан Олимпиада чемпионы Владимир Смирновтың, Қызылордадан шыққан Илья Ильиннің, Шымкенттен шыққан Еркебұлан Шыналиевтің ДНҚ үлгілерін, 

      

КUSTO өкілдері: Қарсыбеков Оразхан Қайыржанұлының, KZPG өкілдері: Б.К. Тоғызбаевтың, А.С. Приваловтың, Б.С. Дәулеттің, Г.Ж. Есетовтің, К.И. Тілеубаевтың, В.Ж. Устармагатовтың, В.А. Фендельдің, О.М. Кебадзенің, OSS өкілдері: А.С. Кимнің генетикалық деректерін, сондай-ақ басқа біздің отандастарымыздың, Қарақалпақстан тұрғындарының, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Украина, Әзірбайжан және Африканың әртүрлі азаматтарының ДНҚ-ларын жинап, зерттеді.

      

Ұлы дала көшпенділері 

KZPG-да ғылымды танымал етуді жалғастыра отырып, 2019 жылғы маусымда GR және PR қызметкерлері «Equus: Жылқылар тарихы» Қазақстан-Канада ғылыми-танымал фильмінің эксклюзивті көрсетілуін өткізді. 

      

Фильмді фильм авторы продюсер, ДНҚ зерттеуші, Қызылордаға маусымда келер алдында Алматыдан Еуропаға дейін ұзындығы 24 559 км халықаралық автожарыс жасаған, әлемнің 24 елінде 7 мыңнан астам адамға фильм көрсеткен Нұрбол Баймұхан көрсетті. 

        

Көрсетілім сондай-ақ БҰҰ Женева бөлімшесінде және Париждегі Юнескода өткізілген. Оның алдында канадалық продюсер, фильм режиссері, антрополог Найоби Томпсонмен шығармашылық кездесу Алматыда өткен. 

      

Фильм көрермендерді сонау Ұлы Далаға 6 мың жыл бұрын уақытка көшіріп апарды, көрермендер солтүстік Қазақстанның Ботай қонысындағы ежелгі бабасының қалай тұрғанын және жылқыны алғаш рет қалай қолға үйреткенін көрді, палеогенетиктердің түсіндіруі бойынша, ботай жылқысының қазіргі тұқымы – Пржевальск жылқысы, бұрын даланың жабайы жылқысы деп саналған. 

      

Эксклюзивті фильмді көруге қатысудың көңілге қонымдысы тарихи жасандылықтың – 2017 жылы Есік маңайындағы біздің археологиялық зерттеу барысында табылған сақ қорғанынан қалған тұрмыс-салттық табақтың, әлемнің 50 еліне телеарна бойынша көрсетілген «Equus: Жылқылар тарихы» аталған ғылыми-танымал фильмінде пайдаланылғаны болды. 

      

Таңғалдырарлық әсердегі, драматизмдегі және мыңдаған жылдардың терең тарихындағы фильм авторына KZPG басшылығы мен қызметкерлері өзінің алғысын білдіріп, рахмет айтты!


Scientia est potentia. Білім күш, ғылым қайрат



Пікірлер

Пікір жазыңыз

* - міндетті өрістер
артқа қарай