Жаңалықтар

4 қаңтар 2019

Қайырымдылық дегеніміз — ол риясыз, адал ниетпен (тегін немесе тиімді шарт бойынша) көмекке мұқтаж болған адамдарға қол ұшын беру болып табылады. Қайырымдылықтың басты ерекшелігі, көмектің түрін, уақытын, орнын және оның мөлшерін ерікті түрде таңдау болып келеді. Егер біз балаларға деген көмекке келетін болсақ, онда әлеуметтік көмектің бұл түрі кез-келген, азды-көпті дамыған, қоғамда кездеседі.  

Қайырымдылық балаларға басқа топтардан көрі көбірек қажетті, себебі оларға көмектің барлық түрі керек: күн көру, тамақпен, киіммен қамтамасыз ету, дәрі-дәрмек деген сияқты. Әрине, егер балада оны жақсы көретін, оның қажетінің бәрін қамтамасыз етіп, тәрбие беріп, дамуына үлес қосып, оқуына жәрдем беріп, ересек өмірге жетелейтін отбасы, ата-анасы болса, керемет. Біздің заманымызда ата-аналар балаларынан бас тартып жатқан оқиғалар жетерлік. Оның себептері әртүрлі: материалдық мәселелер, ата-анасының бейәлеуметтік тұрмыс дәстүрі, баланың ауыр сырқаты, мүгедектік немесе бала дерті.   

2018 жылдың желтоқсан айында компания басшылары қиын жағдайдағы балаларға сыйлықтар алу үшін ерікті түрде қаражат жинауды ұсынды. Компаниямыздың 24 қызметкері осы ұсынысты қолдап, шамамен өздерінің бір күндік жалақыларын бөліп беруді ұйғарды. Нәтижесінде 273 000 (екі жүз жетпіс үш мың) теңге жиналды.

Қай мекемеге көмек көрсету және көмектің қандай түрін ұсыну шешімі оңай іс болмады. Біз тектен тек ақшаны апарып беруді қаламадық, себебі ол ақшаның көздеген мақсатқа жұмсалатынына 100% сенім болмады. Сондықтан біз сыйлықтарды өзіміз сатып алған дұрыс деп ұйғардық. Сонымен қатар, жаңа жыл қарсаңында балалар тәтті жаңа жылдық сыйлықтарды көп алып жатқанын білгендіктен оның орнына балаларға қажетті заттар алған дұрыс деп шештік: жеке гигиена заттары, тез тозатын киімдер, әрі дамуға бағытталған ойындар.  

Макаренко атындағы баспанасыз балаларға арналған мекеме жабылып, ондағы балалар отбасылық тұрпаттағы Балалар ауылына ауыстырылғанын анықтадық. Осы Балалар ауылында, 7 үйде 5-18 жас аралығындағы 46 бала тәрбиеленуде. Сонымен қатар, біз мектеп жасындағы 123 бала оқып жатқан Балалар психоневрологиялық интернатты таңдадық. Бұл интернаттағы балалардың барлығы жетім емес, кей балалардың ата-анасы бар, оларды демалыс күндері үйлеріне алып кетіп тұрады екен. Және тағы бір мекеме – 5 жасқа дейінгі нәрестелер тәрбиеленетін Балалар үйін таңдадық. Сыйлықтарды алар алдында, балаларға ең керек заттарды анықтау үшін, біз осы мекемелер қызметкерлерімен ақылдастық.

Айгерім Кенбаева мен Динара Назарова сыйлықтарды таңдап сатып алу және оларды балаларға жеткізу ісіне ерікті ретінде ықылас білдірді, сол үшін біз оларға мың да бір алғысымызды айтып, басымызды иеміз!

Біз әріптестерімізбен осы жоба жөнінде сұхбаттастық.

Динара Назарова: отбасылық тұрпаттағы Балалар ауылындағы балаларға біз 46 – әр балаға сыйлық алдық, неше түрлі даму ойындары, сыйлық топтамаларын, LK Waikiki дүкенінен жылы нәскилер, ішкі киім және жас өспірімдерге арналған гигиеналық топтамалар алдық.  Біз бірнеше балалармен танысып, әңгіме-дүкен құрып та үлгердік. Олар жалпы өте жылы шырайлы, жүздерінде күлкі орнаған, адамға үйір балалар екен. Біздің сыйлықтарымызға риза болып, өте қатты қуанып қалды.

123 бала тәрбиеленіп жатқан Балалар психоневрологиялық интернатында және 5 жасқа дейінгі нәрестелер тұратын Балалар үйінде тек қана балалар ғана емес, методистері, мейірбикелері және тәрбиешілері де біздің келгенімізге өте қатты қуанып қалды. Интернат балаларына арналған сыйлықтарды біз методистерімен қосылып, моториканы дамытатын ойындар алдық. Интернат шаруашылық меңгерушісі жеке гигиенаға арналған заттарға қатты қуанды – нақты осы заттар оларда жеткіліксіз екен, әсіресе сабын мен денеге жағатын майлар. Интернат ұжымы біздің ниетімізге риза болып, компаниямызға табыс тілеп, рахметтерін жаудырды.

5 жасқа дейінгі нәрестелер тәрбиеленетін Балалар үйіне біз өте сапалы 3 түрлі жүріс арбасын, 2 түрлі кілемше, 2 есек ойыншығын, неше түрлі өлшемді памперстер, джонсон бэби иіс сабындарын, денеге жағатын майлар және басқа жеке гигиена заттарын, киімдер алдық.

Мен үшін бұл өте мағыналы тәжірибе болды, Мен көпке дейін осы мақұрым қалған, жақындары жоқ, жылулық пен сүйіспеншіліктен жұда болған балаларды есімнен шығара алмадым. Біз сыйлықтарды апарған түні тіптен көпке дейін ұйықтай да алмадым, былайша алғанда біз жақсы шара жасадық, дегенмен мен жеткілікті түрде көмек көрсете алмағандай сезіндім. Атана-аналары бас тартқан балаларды ойлағанда олар үшін қаным қайнап, қапа болдым.

Біздің компаниямыздың және басшылықтың осындай маңызды мәселелерге көңіл бөліп отырғандығына өте қуаныштымын. Осы жобаға қатысқан барлық әріптестеріме алғысымды білдіремін.

Айгерім Кенбаева: Мен үшін бұл ерікті болудың алғаш тәжірибем – сыйлықтарды таңдау өте қызықты болды, балаларға ең керекті әрі ең пайдалы заттарды таңдауға тырыстық.

Менде неше түрлі әсерлер болды, жағымды шаршау сезімі мен қоса, толқу сезімі де болды. Ең қатты толқығаным, ол нәрестелер тәрбиеленетін Балалар үйіне барғанда болды. Осы нәрестелердің өз өмірлік сапарын сүйіспеншілік пен ата-ана мейірімісіз бастап жатқандығы әділсіз болып сезілді. Ата-аналары бас тартқан балалар қоғамда бар екендігі өте капаланатын жайт. Менімше, әр бала сүйіспеншілік пен мейірім алуға лайықты.

"Атамекен" отбасылық тұрпаттағы Балалар ауылындағы балалар мені таң қалдырды – өмірлік қиыншылыққа қарамастан, өмірге деген сүйіспеншілігін, қоршаған айналаға деген мейірімділіктерін жоғалтпаған. Баллар өте қабілетті, парасатты және ризалы. Олар біздің сыйлықтарға өте разы болып, алғыстарын аямады.  

Осыншалық игілі іске үлесімді қоса алғандығыма өте қуаныштымын. Өте мейірімді және беймарал емес адамдармен жұмыс жасап жатқандығыма ризамын. Барлықтарыңызды жаңа жылмен құттықтаймын!

Редакция атынан Айгерім мен Динара жобаға тек ақша бөліп қана қоймай, 6 сағаттай өз уақыттарын бөлгендігін атап кеткіміз келеді. Сіздерге алғысымыз шексіз! Сіздер тәрізді бемарал емес адамдар арқасында біздің қоғамымыз жақсаруда.

Біздің қызметкерлерге осы ықыласқа қол себін тигізгендіктеріне алғысымызды білдіреміз. Сіздердің қолдауларыңыз болмағанда бұл жоба орын алмас еді. Бір адам еш істі тындыра алмайды, тек бірігіп, қосылып жасаған әрекеттер ғана қоғамда және бизнесте жағымды нәтиже бере алады. Сіздерге бақыт және табыс тілейміз! 

                    
артқа қарай